Қоғам • 28 Шілде, 2023
Қостанайда бір топ адам агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Аталған топ 2022 жылдан бері ет сатып алу туралы жалған мәміле жасасу арқылы 1,6 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырып үлгерген.
Өнер • 16 Шілде, 2023
Киіз бұйымдарындағы өмір мен өрнек
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің галерея залында «Ою-өрнек құпиясы» атты киіз бұйымдар көрмесі ашылды. «Qoloner» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараның ашылу рәсіміне мәдениет саласының, өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілер қатысты.
Қаржы • 13 Шілде, 2023
Салықтан жалтарған кәсіпкерлер
Қала тұрғындарының әмияны ұялы телефонның ішіне орныққалы, қағаз ақша деген дүние де ұмытыла бастады. Бүгінде дүкенге кіре қалсаңыз, бұрынғыдай тиын санап әуре болмай, сатушымен QR-код арқылы есеп айырыса саласыз.
Мәселе • 04 Шілде, 2023
Жангелдин ауданының диқандары егістіктеріне үйірлі шегіртке түсіп, бір тәуліктің ішінде мыңдаған гектар дәнді алқапты жайпап тастағанын айтып дабыл қағып жатыр. Төтеннен төнген қауіптің бетін қайтару үшін шілденің үшінде өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы келді.
Шаруашылық • 03 Шілде, 2023
Маусым айында жауын-шашын жиілеп кетті де, күн райының қолайсыздығы шабындыққа шалғы салдырмады. Тіпті түн кәдімгідей салқын болып, кейбір аудандарда шөп көтерілмей қалды. Оның үстіне шаруаның көбі құрбан айттың өтуін күтіп, жаз науқанына енді ғана білек сыбанып кірісе бастады.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Арқалық қаласында өткен «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты мерекелік іс-шарада бір мезетте 1500 домбырашы күй тартты.
Шаруашылық • 02 Шілде, 2023
Үйірлі шегіртке егістікті отап жатыр
Жангелдин ауданындағы 6 шаруа қожалығының 10 мың гектар егістігін үйірлі шегіртке отап тастады. Зиянкестер Науырзым ауданының Буревестник елді мекеніне қарасты шаруашылықтардың да мыңдаған гектар егінін жеп қойған. Онсыз да таң ағарғаннан түн ауғанға дейін жерін жан-жақтан анталаған киіктен қорып, сілесі қатып жүрген диқандар енді жығылғанға жұдырықтың кебін киіп, кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
Экономика • 30 Маусым, 2023
Осыдан бір жыл бұрын шаруа қожалықтары өсірген бидайдың бағасы тоннасына 150-160 мың теңге еді. Тіпті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өнімін 170-180 теңгеден өткізіп қарық болып қалған. Өкінішке қарай, бүгінде бұл баға көзден бұлбұл ұшты. Қазір Қостанай диірмендері бидайдың бір тоннасын былтырғы жемнің бағасынан төмен – 75 мың теңгеден қабылдап жатыр.
Аймақтар • 26 Маусым, 2023
Науырзым өңірінің диқандары егіндерін киіктен қорып әлек. Түзде үйір-үйірімен жөңкіліп жүрген жануарлар шаруашылық алқаптарына түсіп, дұрыстап бойлап та үлгермеген егіннің шетін жеп жатыр.
Туризм • 20 Маусым, 2023
Талай тарихтың тылсым сырын бүгіп жатқан Торғай даласының дарқан табиғаты, балығы тайдай тулаған өзен-көлі мен шипалы ыстық суы, қара тұзы, үйір-үйір киік жөңкілген құла түзі, қолайын тапса, танымдық, медициналық, аңшылық, саятшылық туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. Алайда осының бәрін ұқсатып үйлестіріп, туризмді кәсіпке айналдыру үшін қолайлы инфрақұрылым қажет.