Төтенше жағдай • 05 Ақпан, 2023
Су тасқынының алдын алу жұмыстары
Облыстық Төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін атқарушы Азамат Орынбаевтың айтуынша, көп кешікпей күн жылып, қар көбесі сөгіле бастаса, өңірдегі 37 елді мекенде 808 үйді су басып қалуы мүмкін.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2023
Ержүрек полицей баспаналы болды
Арқалық қаласында бесінші қабаттан құлап бара жатқан қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкеріне пәтер берілді.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2023
Әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақталмауы өңірдегі ірі кәсіпорындардың өндіріс көлеміне де кері әсерін тигізіп жатыр. Мәселен, Лисаков, Рудный қалаларында темір, боксит өндіру, темір кені концентраттары мен түйіршіктер өндірісі 80,6 пайызға дейін кеміген.
Халық • 01 Ақпан, 2023
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Рудныйдың шетінде, тасалау жерде тұрған көпқабатты ғимаратты жергілікті жұрт қарттар үйі деп атайды. Ресми түрде «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» деп аталатын бұл мекемеде асыраушысыз қалған 274 қария, әртүрлі жастағы 141 зағип тұрады. Бірін-бірі алданыш тұтқан 415 адамның ауыр тағдыры мен бұйығы тіршілігі сырт көзге жұмбақ. Алайда мұндағы оқшау өмірде сартап сағыныш, өкініш-күйікпен қатар, қуаныш-күлкіге, арман-үміт пен сүйіспеншілікке де орын бар.
Тағайындау • 30 Қаңтар, 2023
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес барысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қаңтар, 2023
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Қостанайдағы облыстық ауруханада бірінші рет күрделі урологиялық операция жасалды. Дәрігерлер бұл жолы бүйректегі үлкен тастарды науқастың бүйірін тесу арқылы алып шықты.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2023
Лисаков қаласында тұратын ерлі-зайыпты Шукуровтардың өздерінен туған үш баласы бар. Оған қоса бұл отбасы кейінгі бес жыл ішінде балалар үйінен 33 бала асырап алған.
Экология • 25 Қаңтар, 2023
Науырзым қорығында дала қасқырларын бақылау шаралары жүріп жатыр. Қорық басшысының орынбасары Еламан Күмісбековтің айтуынша, 17 қаңтардан бері Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мамандары мен қорықшылары орман алабы мен оған іргелес жатқан ой-қырды кезіп, із кесіп, дала бөрілерін барлайды. Табиғат аясындағы барлау шаралары 10 күнге созылмақ.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2023
Ресейдің Қорған облысымен шектесетін шекараның түбінде жатқан қазақы ауылдың бірі Обаған – заманында талай құқайды бастан кешірген тағдырлы мекен. «Атақты Кенесары хан Тобольскіге өтіп бара жатып, осы Обаған өзеніне атын суарған. Бұл өзеннің жағасында Шоқан Уәлихановтың ізі қалған. 1966 жылдары Сәбит Мұқанов та келген. Обағанның тарихын отыз күн жырласақ та тауыса алмаймыз», дейді жергілікті жұрт.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Алапат өрт трактордан тұтанған
Әулиекөл ауданында былтыр күзде болған алапат өртке қатысты сот үкімі шықты. Бас прокуратура қызметкерлері тергеген іске Әулиекөл аудандық соты нүкте қойды.