Қоғам • 12 Сәуір, 2022
Он балалы отбасына пәтер сыйлады
Таяуда ғана оныншы ұлы дүниеге келген көпбалалы отбасының қуанышын сүйіншілеп, үбірлі-шүбірлі үлкен отбасының айналуға келмейтін аядай ғана пәтерде тұрып жатқанын құлаққағыс еткен едік. Өткен аптаның аяғында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев пен «Болашақ констракшн» құрылыс компаниясының құрылтайшысы Уәлихан Нысанов көпбалалы отбасын құттықтай барып, тамыз айында жаңа пәтер берілетінін айтты.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Қостанай облысында көктемгі су тасқынынан қауіп төнуі мүмкін аудандар тікұшақ арқылы бақылауға алынып, қарғын судан келетін қауіп деңгейі күнделікті мониторинг жүргізу арқылы анықталуда. Екі күнге созылған әуеден бақылау жұмыстарының нәтижелерін алға тартқан Төтенше жағдай департаментінің өкілдері өңірде су тасқыны жағдайының тұрақты екенін айтып отыр.
Тарих • 10 Сәуір, 2022
Ахаңның ата қонысына мінажат етіп барған жолаушы Ұлы Жыланшық өзеніне жете берер тұста күре жолдың сол жағында тұрған көне қорымға тоқтамай өтпейді. Сырты темір шарбақпен қоршалған шағын қорымда қираған үйдің қабырғасындай болып қалқайған 4-5 зират тұр. Бүгінде елсіз жатқан Сартүбектің сары топырағынан көтерген көне тамның бәрін ақ жаңбыр шайып, уақыт мүжіп жіберген. Бұл жер Байтұрсынның тамы деп аталады.
Білім • 07 Сәуір, 2022
Білімді бағалайтын халықаралық жоба
Қостанай облысында мыңнан астам оқушы PISA халықаралық зерттеу жобасына қатысады. PISA – 15 жастағы оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Салыстырмалы түрде іске асырылатын зерттеу жұмыстары 4 сәуірде басталды.
Қоғам • 06 Сәуір, 2022
Таудың ұшар басындағы шыңтасты жарып шыққан шынар тектес ғажайып тағдырлар болады. Басына түскен ауыртпалықты қайыспай көтеріп алып, кемтарлық тауқыметін тартқан көптеген жанның өмірге деген үміт-құлшынысын оятып жүрген Қостанайдағы «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Аруна Жақсығұлова да осындай ерекше тағдырдың иесі.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Әулиекөл ауылының орталығындағы Пожарный деп аталатын шағын көлге қонған он шақты бірқазанды жергілікті тұрғындардың бірі суретке түсіріп алыпты.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Қостанай облысындағы Аманкелді ауылы мен Қабырға ауылдық округін жалғап жатқан күре жолды тасқын су жырып кетіп, Қабырға ауылы қарғын судың құрсауында қалды. Аманкелді аудандық прокуратурасының мәліметінше, жол қатынасы үзіліп қалған елді мекенде 282 тұрғын, 33 үй бар.
Тарих • 04 Сәуір, 2022
Ахаңның батасын алған тергеуші
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Ахмет Байтұрсынұлынан 1937 жылы ең соңғы рет жауап алған НКВД тергеушісі Хамза Нұржановтың аудиоестелігі сақтаулы тұр. Көлемі 40 минуттай болатын құнды аудиожазбаны музейге қарт чекистің немересі Саян Нұржанов әкеліп тапсырыпты.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Кемтар бала бағып отырған қостанайлық ата-аналардың біразы пәтер жалдап, біреудің босағасында күнелтіп жүр. Ипотекалық несиеге қор жимақ тұрмақ, пәтерақысын әзер төлеп отырған мұндай отбасылардың айлығы шайлығынан артылмайды. Бар тапқан-таянғанын баласының дәрі-дәрмегіне жұмсайды. Тұрмыс ауыртпалығы қажытқан қамкөңіл аналардың біразы таяуда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келіп, «Отбасы банкі» мен қалалық әкімдік өкілдерімен кездесті.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Оспановтар отбасындағы оныншы бала
Қостанайда тұратын көпбалалы отбасында оныншы нәресте дүниеге келді. Баланы перзентханадан шығаратын күні құндақтаулы сәбиін құшақтаған батыр ана Құралай Оспанованы отағасы Атымтай бастаған жақын туыстары мен домбыра, сырнайларын көтере келген өңір өнерпаздары перзентхананың алдынан әндетіп-думандатып күтіп алды.