Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1652 материал табылды

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Жедел жәрдемге сұраныс көбейді

Қостанай облысында соңғы уақытта тұрғындардың жедел жәрдем қызметін шақыртуы жиілеп барады. Жедел медициналық қызмет көрсету стансасының бас дәрігері Ирина Штейгервальд өңір халқына осы мәселені ескертіп, фельдшер кешігіп жатқан жағдайда, оған түсіністікпен қарауды сұрады.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2022

Ірі сауда орындарындағы баға бақылауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Үкіметке қысқа мерзім ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын жою, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау туралы маңызды міндет жүктеген болатын. Президент пәрменінен кейін Қостанай облысында қымбатшылықпен күресудің нақты шаралары қолға алына бастады.

Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022

Ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтатты

«Қызыл аймақтың» құрсауында қалған Қостанай облысында кейінгі 10 күн ішінде COVID-19 жұқтырған науқастардың саны 134 есе өсті. Мәселен, қаңтардың 10-нында облыста қауіпті індет белгісі бар небәрі үш-ақ науқас тіркелгенін құлағдар еткен санэпидемиялық бақылау департаменті осы айдың 20-сы күні 400-ден аса адамнан COVID-19 анықталғанын мәлімдеді.

Әдебиет • 21 Қаңтар, 2022

Оқырмандар марафоны

Қостанайда Л.Н.Толстой атын­дағы облыстық кітапхананың ұйымдас­тыруымен «Оқырмандар марафоны» деп аталатын әдеби-таным­дық шара басталды. Кітап­хана қызметкерлері кітапсүйер қауымды әлем әдебиетінің таңдау­лы үлгілерін оқып, өзі оқыған шығарма хақында көпшілікпен ой бөлісуге шақыруда.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2022

Азық-түлік бағасы тұрақты

Қостанайда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу мақсатында қала әкімдігі мен наубайханалар бірінші сұрыпты нанның бағасын 90 теңгеден асырмау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Осылайша, өткен аптадан бастап облыс орталығындағы нан зауыттарына тұрақтандыру қорынан арзан ұн бөліне бастады.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Шыршалар «шырылдамайды»

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген сөз жыл сайын желтоқсанның соңына қарай көп үйдің төрінен жалт-жұлт еткен жасыл шыршаға да қатысты айтылса керек. Мерекенің мәнін, шаңырақтың сәнін кіргіземіз деп табиғаттың тәнін жаралап жатқанымызды ескермейміз. Рас, соңғы жылдары біраз жұрт жасанды шыршаға көшкенімен, енді өсіп келе жатқан жасыл желекті аяусыз шауып, пайдаға кенелгісі келетіндер де азаймай тұр.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Шектеу шаралары күшейді

Індет қайта етек ала бастаған Қостанай облысы да «сары аймаққа» көшіп, шектеу шараларын күшейтті. Облыстық денсаулық сақтау департаменті 10 қаңтарда 3 адам COVID-19 жұқтырды деп мәлімет беріп еді, бұл көрсеткіш айналдырған 6 күннің ішінде жүздің үстіне бір-ақ шықты.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2022

Әлеуметтік төлемдер кешіккен жоқ

Қостанай облысында зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тұрғындардың жеке есепшотына өз уақытында келіп түсті.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

Қолдан құрастырған трактор

Қостанай қаласының 62 жастағы тұрғыны Асылбек Есмағамбетов үйдегі шаруасының біразын әртүрлі техниканың бөлшектерінен өз қолымен құрастырып алған трактордың көмегімен тындырады. Шағын тракторға қуаты 13 ат күшіне тең қытайлық Lifan көлігінің қозғалтқышы қондырылған. Ауланың қарын күреп, шағын тіркемеге жүк тиеп тасуға осы шағын мотордың өзі-ақ жетіп жатыр.

Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022

Жоғалған жасөспірім табылды

Қостанай ауданына қарасты Жуков елді мекенінде тұратын 14 жастағы Кирилл Дукарт боранды күні жылқы іздеуге шығып кетіп қайта оралмаған.  Ауылдан жаяу шыққан жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы тосын хабар үшінші қаңтарда түстен кейін белгілі болды.