Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1555 материал табылды

Экономика • 25 Наурыз, 2021

Майлы дақыл алқабы ұлғаяды

Қостанай облысының диқандары көк­темгі егіс науқанына қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өңірде ауыл­шаруашылық техникасының 85 пайызы дайын. Облысқа жеңілдікті жанармайдың алғашқы легі де келе бас­тады. Биылғы алқап жұмыстарына әр литрі 170 теңгеден 71 мың тонна дизель отыны бөлінген.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2021

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Қостанай облысында өзендер мен су қоймаларындағы мұз жару жұмыстары жалғасуда. Сең қозғалғанша жүретін мұндай шаралар су тасқынынан төнетін қауіптің алдын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2021

Қостанайда «Тарих керуені» шеруі өтті

Қостанай қаласының орталық алаңынан «Тарих керуені» атты театрландырылған мерекелік шеру жүріп өтті.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2021

«Наурыз достарын шақырады» халықаралық би фестивалі өтуде

Қостанайда  «Наурыз достарын шақырады» халықаралық би фестивалі өтуде. Биыл  онлайн режімде ұйымдастырылған дәстүрлі шара аясында Қазақстан мен ТМД елдерінен қырыққа жуық би ансамблі өнер көрсетеді.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2021

Мереке күндері мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттерін алады

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанайдағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға мерекелік базарлық ретінде азық-түлік себеттері таратыла бастады. Мейірім-шуаққа толы Ұлыстың ұлы мерекесіне орай ұйымдастырылған жанашырлық шарасын «Халық» қайырымдылық қоры мен волонтерлар жүзеге асыруда. 

Театр • 21 Наурыз, 2021

Қостанайда «Мақта қыз» ертегісі сахналанды

Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театры «Мақта қыз» ертегісін сахналады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның балаларға арналған әйгілі шығармасын қазіргі заманға сай түрлендіре отырып, сахнаға икемдеп қайта жазып шыққан қаламгер – ақын, драматург Абылай Мауданов.

Өнер • 21 Наурыз, 2021

Қостанайда көрпелер көрмесі өтті

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қостанай қаласының тұрғыны, қолөнер шебері Райхан Рахалиева облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұзындығы 21 метр болатын ерекше көрпені сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Қостанайда 30 игі іс акциясы өтіп жатыр

Қостанай облысының өрт сөндірушілері «30 игі іс» акциясы аясында жалғыз басты қарттардың ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 19 Наурыз, 2021

Баспана дауы тұрғындардың пайдасына шешілді

Қостанай қаласының іргесіндегі Заречный ауылындағы төрт қабатты жалдамалы үйде тұрып жатқан 19 отбасын прокурорлық тексеріс заңсыз қоныстанушы деп танып, тұрғындар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қоныстанған баспаналарынан айырылып қала жаздады. Осылайша, 2 жарым жыл бұрын Конституция күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өз қолынан пәтер кілттерін алып, баспана бақытына бөленген бюджеттік мекеме қызметшілері екі күн бойы дүрліккен.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Қостанай университетінде жаңа журналдың тұсауы кесілді

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Univer Life» атты жаңа журналдың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Еgemen.kz