Аймақтар • 22 Наурыз, 2021

Қостанайда «Тарих керуені» шеруі өтті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының орталық алаңынан «Тарих керуені» атты театрландырылған мерекелік шеру жүріп өтті.

Қостанайда «Тарих керуені» шеруі өтті
- Қостанай облысы  эпидахуал бойынша «жасыл» аймақта. Соған қарамастан біз биылғы Наурыз мейрамында бұқаралық іс-шаралар өткізуден бас тартып отырмыз. Әйтсе де мереке күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып орталықта театрландырылған шеру ұйымдастыруды жөн көрдік, - деді қалалық мәдениет басқармасының басшысы Айсұлу Әубәкірова.  

Мерекелік шеруді салт ат мінген Тәуке хан, Абылай хан, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы бейнесіндегіжергілікті әртістер бастап жүрді. Сән-салтанатқа толы қырдағы ауыл көшінің көрінісі де қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Қыдыр ата қала тұрғындарына Наурыз бата беріп, қала тұрғындарына ырыс пен татулық тіледі.  

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

«Такси апа» таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 12:51