Азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың мекенжайына «Жанашыр бол», «Грин» қоғамдық қорлары мен «10-регион» іздестіру жасағының өкілдері, сондай-ақ, студенттер жеткізіп беріп жатыр.
Мысалы, «Жанашыр бол» ҚҚ-ның еріктілері бір күнде ерекше қажеттілікке ие балаларды тәрбиелеп отырған 15 отбасына азық-түлік жеткізіп берді.
Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, мұқтаж тұрғындарға үлестірілген әр себетте 5 кг қарақұмық жармасы, 5 кг күріш, 10 кг қант, 10 кг макарон, 10 кг ұн, 5 литр күнбағыс майы, 2 кг қара шай, 1,6 кг консервіленген ет және 2 кило кәмпит бар.
Акцияның алғашқы күні 50 шақты волонтер 100-ден астам мекенжайға азық-түлік жеткізді. Қайырымдылық шарасы аясында Наурыз мерекесі күндері 1000-нан астам отбасы азық-түлік алатын болады.