Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
984 материал табылды

Қоғам • 28 Сәуір, 2025

Жетісуда ауыз су мәселесі түбегейлі шешілуде

Жетісу өңірінде бүгінде қала халқының 100 пайызы, ауыл халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 331 елді мекеннің барлығы (694,2 мың адам) таза ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде.

«Таза Қазақстан» • 28 Сәуір, 2025

Жетісуда 12 мың адам сенбілікке шықты

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылып, оған жалпы саны 12 мыңға жуық жетісулық тұрғын қатысты.

Қоғам • 16 Сәуір, 2025

Қазақ-қырғыз: ақпараттық ынтымақтастық артады

Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық “Кабар” ақпараттық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2025

Текеліде тұрғын мен полицейлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке • 15 Наурыз, 2025

Жетісуда бір күнде  300 баланың тұсауы кесілді

Наурызнама онкүндігі аясында Талдықорғанда 50 баланың тұсауы кесілсе, қалған аудандарда 250 бала алғашқы адымын жасады. Бұл Қазақстан рекорды болып саналады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Әскер • 20 Қаңтар, 2025

«Қаңтарда» қаза болған сарбазға «Ерлік сыныбы» ашылды

Талдықорған қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясында Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаз, ІІМ Ұлттық ұлан батыры ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Айбат Амановқа арналған «Ерлік сыныбының» ашылу салтанаты өтті.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Техникалық мамандықтармен толығады

Жұмысшы мамандықтары жылына орай Жетісудағы университет пен колледждердегі мамандықтарды түрлендіру үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр аграрлы салаға қажетті мамандарды шетелде оқыту идеясы қолға алынды. Биыл білім ордаларында жаңа техникалық мамандықтар ашылады. Алдағы 2-3 жылда орман, балық, жылыжай шаруашылығына қажетті кадрлар жергілікті жерден шығады.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

Көптен күткен қоныстой

Талдықорғанның «Береке» қалашығындағы үйлер халыққа біртіндеп беріліп жатыр. Былтыр 25 пәтердің кілті табысталса, жақында 30 үй иесін тапты. Одан бөлек, Жаркент қаласындағы кезекте тұрған тұрғындар да қоныс тойы­н тойлап жатыр. Жалпы, өңірде биыл 122 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған, оның 105-і осы жылы пайдалануға беріледі.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Тәртіп сақшыларына 40 көлік тарту етті

Қоғамдық тәртіпті қадағалауда полиция қызметкерлерінің үлесі зор. Мереке күндерінен бөлек, күнделікті тұрғындардың тыныштығына жауап беретін құзырлы орган өкілдері тәулік бойы тыным таппайды. Осыны ескере отырып, облыс әкімдігі тарапынан жетісулық тәртіп сақшыларына су жаңа 40 автокөлік тарту етілді. Көліктер тек облыс орталығына емес, аудандағы департамент қызметкерлеріне де үлестіріледі.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025

Білім ұясының мәртебесін биіктетті

Қазақ даласындағы алғашқы білім ордаларының бірі – «Мамания» мектебінің 125 жылдығына орай «Қара­ғаш­­тағы білімнің қара шаңы­рағы» атты облыстық бай­қау өтті. Онда әр ауданнан келген білікті мамандар бақ сынады. Байқауды облыс­тық білім басқармасы мен Ақсу аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.