Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Сиқы қашқан смарт аялдамалар

Талдықорғанға ақылды аялдама қажет пе? Осы бір сауал жетісулықтарды көптен бері мазалап жүр. Биыл Талдықорғандағы аялдама кешендерін күтіп-ұстауға әрі жөндеуге 80 млн теңге бөлінді. Бұған тұрғындар таңғалып отыр. Себебі смарт аялдамалар өз міндетін толықтай атқарып жатқан жоқ. Әрі шағын шаһардың біртүрлі сәнін құртып тұрғандай...

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023

Жетісулық өрендер жарап тұр

Талдықорғандағы Зият­кер­лік мектептің коман­дасы роботтехникадан ұйымдастырылған олим­пиа­даның жеңімпазы атанды. Алматы қаласында өт­кен бәсекеде жетісулық өрендер ерекше көзге түс­ті. Роботтехникадан рес­пуб­ликалық олимпиада Бірік­кен Ұлттар ұйымының тұ­рақты даму мақсаттарын орын­дауға бағытталған. Іс-шара логистика мен цифр­лық инфрақұрылымға кө­мек­тесетін роботтарды жасау үшін қатысушыларды бір алаңға жинайды.

Мектеп • 05 Қыркүйек, 2023

Жетісудағы жаңа мектептер

Көксуда екі жаңа мектеп ашылса, Қараталда гуманитарлық кол­ледж пайдалануға берілді. Одан бөлек, күрделі жөндеуден өткен бірнеше білім ордасы оқу­шы­ларды қабылдады. Жар­ты ғасырдан астам жөндеу көрме­ген білім шаңырақтары алыстан көз тартады, заман талабына сай жаб­дықталған. Ең бастысы, оқу­шы­лар мен ата-аналар дән риза.

Мәдениет • 05 Қыркүйек, 2023

Детектив жанрының дегдары

Жер жәннаты Жетісуда детектив жанрының шебері, жазушы, журналист, майдангер Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы өтті. Қасиетті Қаратал өңірінде ірге жайған ұлан-асыр тойға халық көп жиналды. Қазақ күресі, ұлттық ойындар жұртшылықты серпілтті. Әсіресе аламан бәйге ағайынның рухын бір көтерді. Іс-шараны ұйымдастырған – Кемел Тоқаев атындағы қайырым­дылық қоры.

Спорт • 04 Қыркүйек, 2023

Шаған шыңына шықты

Тауға шығудың да мәде­ниеті бар. Қазір өңірде туризмге барынша көңіл бөлініп келеді. Осы рет­те Бұрқанбұлаққа бауы­р басып, Шаған шы­ңына шығуға асыққан жас­тардың саны арта түсті. Олардан үлкен­дер де қа­лысар емес. Күні кеше Көксу ауданы­на қарасты Ақтекше ауылында «Адал­дық шы­ңын­да бол!» ұра­нымен рес­­публикалық «Шаған тау – 2023» марафоны өтті.

Өнім • 01 Қыркүйек, 2023

Жетісу: жабайы сауданың «жәрмеңкесі»

Талдықорғандағы орталық көшелерде заңсыз саудамен айналысушылар азаяр емес. Бүгінде қала басшысы Ернат Бәзіл сол жабайы сауда жасайтындармен алысып жүр. Жолды бөгеп, кептеліс жасаған ағайынның айтар уәжі – бала-шағаның қамы. Ал әкімдік заңға сүйеніп, шаһардың сәнін бұзуға болмайтынын ескертеді. Тіпті сатушыларға жаңадан жұмыс орнын тауып беруге пейілді.

Үкімет • 30 Тамыз, 2023

Өңірлердің дамуы – басты назарда

Жетісу туризм саласына ерекше ден қойып отыр. Әйтсе де, қасиетті Алакөл көлінің іргесіндегі Ақши ауылында электр желілері ескірген. Ол ол ма, Лепсі-Балқаш автожолы 5 жылдан бері аяқталмай келеді. Мұның бәрі өңір экономикасына үлкен соққы. Бұл мәселелер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен өңірдегі барлық деңгейдегі депутаттар және қоғам өкілдерімен кездесуде көтерілді.

Отбасы • 29 Тамыз, 2023

Мерейлі отбасы мәртебесі

Отбасындағы құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттауға, шығармашылығын шыңдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласындағы Сал­танат сарайында өткен мерекелік жиында бірқатар отбасының мерейі өсті.

Ауыл • 24 Тамыз, 2023

Апаттан кейінгі ахуал

Жетісу жеріндегі табиғи апат елді елең қылып қойды. Қара­пайым тұрғындар күз жақындағанда баспанасынан айырылып, әлем-жәлем күйге түсті. Дегенмен облыс әкімдігі халықтың тілегін қалыс қалдырмаймыз деп отыр.

Шаруашылық • 24 Тамыз, 2023

Егін бітік шықса, ел риза

Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш. Қазір орағын қолға алған диқандар әбігерге түсіп жатыр. Бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтыруға кірісті. Биыл күн райы құбылып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Дегенмен сала мамандары жылдағы нәтижеден кем түспейміз деп отыр.