Қоғам • 12 Шілде, 2024
Ауласын гүлзар еткен тұрғындар
Қалалық жерде көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңдары мен тас жолдан басқа ештеңе орналастырмайтыны белгілі. Ағаш егілуі мүмкін, болмаса ол да жоқ. Дегенмен бұл қағиданың талдықорғандық Ольга Серебренникова жоққа шығарды. Ол өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына 60 түрлі гүл отырғызып, шаһардың сәнін арттырып отыр. Шағын ғана ауланың шырайын келтірген тұрғынның еңбегі көпке үлгі.
Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді сақтап қалу үшін халыққа қажетті нысандардың қаланғаны жөн. Себебі спортқа әуес балалар мен қызметке бейім жастар қатарынан қалғысы келмейді. Осы ретте Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік аулында қос ғимарат бой көтерді. Бірі – әкімшілік болса, екіншісі – заманауи спорт кешені. Ал Ақсу ауданына қарасты Көшкентал аулында көптен күткен Мәдениет үйі ел игілігіне берілді.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев «Аmаnаt» партиясы Жетісу облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Экономика • 05 Шілде, 2024
Жетісуда 9-сынып оқушысы Айсұлтан Сапиев гипстен қазаққа қажет бұйымдар жасап, саудаға шығарып жатыр. Тіпті өзімен қатар балаларды жұмыспен қамтып отыр. Тұтынушылары да аз емес.
Экология • 05 Шілде, 2024
Жетісуда «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды түрде қолға алынған. Жаздың ыстығына қарамастан сала мамандары мен тұрғындар бірлесе еңбек етіп жатыр. Бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысқан. Олар ауланы ғана тазартып қоймай, қала сыртындағы қоқыстарды да жинастырып, табиғатты қорғау іс-шараларын да қалыс қалдырған жоқ.
Экономика • 04 Шілде, 2024
Ұлттық экономика және өңір мүмкіндігі
Сенат депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысының Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанда болды.
Туризм • 04 Шілде, 2024
Мемлекеттік маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автожолы толықтай ашылды. Бұрын әбігерге түсетін туристер мен ел тұрғындары облыс орталығынан 2-3 сағатта шипалы көлге жетіп барады. Оның үстіне биыл 300-ден аса демалыс орны қызмет көрсетуге дайын. Олардың 2 млн-ға жуық демалушыны қабылдап алуға мүмкіндігі бар. Қазір Алакөлде күн ыстық, суға шомылушылар жағалауда жүр.
Білім • 03 Шілде, 2024
Алакөл ауданына қарасты Ақши аулындағы «Жалын» және «Жансая» сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастады. Мұнда 300-ге тарта оқушы жазғы демалысын өткізеді. Балалар шипалы көл жағасында тынығып, білімін шыңдайды. Қос демалыс айлағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларға арналған түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, денсаулығын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.
Экология • 03 Шілде, 2024
Аграрлы өңір су тапшылығымен алысып жатыр. Арнасы құрғаған үлкенді-кішілі өзендер жиі кездеседі. Жылдан-жылға Жетісуды құрғақшылық меңдеп бара жатқаны белгілі. Әрине, әлемдік климаттық өзгеріс біздің өңірді де айналып өтпесі анық. Дегенмен мұнда адами факторлар да бар. Тұрғындар экологиялық заңнаманы сақтамайды. Тіпті өзенге медициналық қалдықтар төгеді. Айыппұл арқаласа да табиғатқа кесірін тигізгендер саны азаймай тұр.
Шаруашылық • 29 Маусым, 2024
Тозған техника, шаршаған шаруа
Жетісуда жылдан-жылға егіс көлемі еселеніп келеді. Дегенмен су, техника, жер мәселесі әлі толық шешімін таппады. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникаларының 60 пайыздан астамы ескірген. Шаруалар қолында 23 мыңға жуық түрлі техника бар. Оның 10 жылға дейінгісі – 8 321 бірлік, 10 жылдан жоғарғысы – 13 215 бірлік. Тозған техника шаруаларды жиын-терім уақытында әбігерге салады.