Экономика • 22 Мамыр, 2020
Атырауда жол сапасы сын көтермейді
Атыраудың мұнайлы өңір екені ақиқат. Алайда елді мекендердің бәрі тақтайдай тегіс жолмен қамтылды дей алмаймыз. Мұны осы саланың мамандары жоққа шығармайды. Облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, 56 елді мекенде қатты жол жабындысы төселмеген. Мұндай ауылдар әсіресе, Құрманғазы мен Қызылқоға аудандарында кездеседі. Жылыой ауданында – төрт, Индер ауданында – үш, Мақат ауданында бір елді мекенде жол жабыны жоқ.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Атырау: Тұрғын үйдегі газ жарылысынан төрт адам жарақаттанды
Оқыс оқиға Құрманғазы ауданының орталығында болған.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Теңіз кенішіндегі ахуал әлі күрделі
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішіндегі ахуалмен танысып, шұғыл жиын өткізді.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Атырауда жоғалған бала әлі табылмады
Атырау қаласында кеше түсте үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 1.5 жасар баланы іздеуге 50 волонтер, 50 сарбаз бен 400-ге жуық ерікті көмекке келді.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атыраулық полицейлер 1.5 жастағы баланы іздестіруде
Бүгін Атырауда 1.5 жастағы бүлдіршін ұшты-күйлі жоғалып кетті. Оның қайда жүргені белгісіз.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атырау: Індеттен 13 адам жазылды
Бүгін Теңіз кенішінің 13 жұмысшысы қауіпті індетті жеңіп шықты. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, оларды қоса есептегенде, Атырау облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 193 адамға жетіп отыр.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атырау: Теңіз кенішінде ахуал тұрақтала ма?
Кешеден бері Теңіз кенішінде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссия өткен аптада Атырауға арнайы келген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын тексеруде.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атырау: Желіккен жүргізушілер жазаланды
Атырауда да Армения мен Ресейде тіркелген көлік көп. Ал мұндай көліктер біздің елдің деректер базасына тіркелмейді.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атырау: «Көкек» ананың бас бостандығы шектелді
Бәлкім, қателесті ме екен?.. Бірақ, бауыр етіне балайтын баласын далаға тастауға бола ма? Биылғы қыста Атырауда «көкек» ана періштедей бейкүнә сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен еді.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Атырау: Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 800-ге жақындады
Бүгін тағы да 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрі –Теңіз кенішінің жұмысшылары.