Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Атырау: Медицина және полиция қызметкерлеріне қаржылай көмек берілді
Атырауда «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында 130 медицина және полиция қызметкерінің әрқайсысы 50 мың теңгеден қаржылай сыйақы алды.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Атырау: Қоғамдық көлік әлі жүрген жоқ
Облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтің қаулысымен 4 мамырдан бері 13 түрлі нысанның таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Оның ішінде 500 шаршы метрге дейін аумағы бар азық-түлік емес дүкендер, бөлек ғимаратта орналасқан шаштараздар, адвокаттық қызмет көрсететін компаниялар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, жарнама агенттіктері, ақпараттық-коммуникациялық компаниялар мен төлем қызметін көрсететін терминалдар бар.
Тағайындау • 06 Мамыр, 2020
Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшының міндетін атқарушы келді
Енді бұл лауазымды Нұрлыбек Қабдықапаров атқаратын болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Атырау: Егістік алқабы бірнеше гектарға ұлғаяды
Соңғы жылдары Атырауда да егістік алқапты ұлғайтуға бет бұрылды. Былтыр 8 933 гектарға көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар егілген еді.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Атырау: «Бұйырғын» кооперативі бройлер етін өндіреді
Құрманғазы ауданында бройлер етін өндіретін құс фабрикасының жұмысы жандана бастады. Осы кезге дейін жалпы көлемі 30 тоннадан асатын өнімнің төрт партиясы тұтынушыға жіберілді.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Атырау: Тәуелсіздік құрдастары көп балалы отбасы үшін үй салып жатыр
Жылыой ауданы – Атыраудағы өнеркәсіпті ауданның бірі. Мұнда 121 жыл бұрын Қарашүңгіл кен орнынан қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған еді. Қазір бұл ауданның аумағында көмірсутекті қорының молдығымен әлемге танымал болған Теңіз кен орны да бар.
Коронавирус • 05 Мамыр, 2020
Атырауда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың бірі – Айкөркем Кусесова Канаданың Ванкувер қаласындағы Саймон Фрейзер университетінде оқиды. Жаһан жұртының үрейін ұшырған коронавирус инфекциясына байланысты университеттегі оқу онлайн форматқа көшіріліпті. – Содан елге оралуға жиналдық. Университет билет алып берді. Атырауға Амстердам арқылы ұшатын рейспен келген бойда оқшауландық. Біздің рейстегі бір жолаушының анализінен коронавирус инфекциясы расталды. Сөйтіп, бізді де 14 күн карантинге, яғни Атыраудағы провизорлық стационарға жатқызды. Шынымды айтсам, бастапқыда менде инфекция симптомы болған жоқ. Карантинде өзімді жақсы сезініп жүрдім. Дене қызуым көтерілмеді. Карантин мерзімі өткен соң, үйге барамын деген үмітім бар еді. Бірақ, дәрігерлер менен де вирустың табылғанын хабарлады, – дейді ол.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Атырау: Құрылыс нысандары қатаң бақыланады
Атырау облысында салынып жатқан кейбір құрылыс нысандарының сапасы талапқа сай емес. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Атырау: Теңіз кенішіндегі жұмысшыларға үстемеақы төленеді
Теңіз кенішінде қауіпті індетті жұқтырғандардың бірі «COC Realty» компаниясында жұмыс істеген екен. Соған байланысты аталған компанияның өзге жұмысшылары карантиндік стационарға оқшауландырылды.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Вирус-ойыншық балаларды сақтандырады
Карантин талабы күшейтілгеніне қарамастан, қаладағы аулаларда, ойын алаңдарында балалардың ойнауы жалғасуда. Сондықтан ата-аналарға ой салу үшін коронавирус түріндегі қуыршақтар қолданылып отыр.