Аймақтар • 15 Тамыз, 2022
Ел экономикасында стратегиялық маңызы басым Атырау облысында 123 жыл бұрын «қара алтынның» алғашқы бұрқағы атқылаған. Содан бері бұл өңірде мұнай-газ өнеркәсібі кең қанат жайды. Жаңа кен орындары ашылып, халықаралық жобалар іске асырылып жатыр. Энергетика министрі Болат Ақшолақов атыраулықтармен кездесуде мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мен мұнай-газ саласының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2022
Елімізде бұқараның әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға серпін беретін «Ауыл – ел бесігі» жобасы бар. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің мәліметінше, биыл осы жобамен Атырау облысының 30 ауылында әлеуметтік нысандар мен жол салу секілді 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд теңге бөлінген.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2022
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов жаңа орынбасарларын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен Қайрат Талапұлы Нұртаев пен Жасұлан Орақұлы Бисенбиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Тамыз, 2022
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Атырау облыстық ауруханасында алуан түрлі ауруды анықтайтын FibroScan аппараты іске қосылды. Енді бұл аппаратпен бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға жол ашылып отыр. Жаңа аппаратты «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік көмекпен алып берді.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
Бүгінгі дәуірді цифрландырусыз елестету мүмкін емес. Отандық экономиканың барлық саласы цифрландыру технологиясына бет бұрды. Мұндай жаңа технология энергетика саласына да ауадай қажет.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Атырау облысында тек азық-түлік қана емес, кез келген тауардың бағасы ұшынып тұр. Тұрғындар бағаның жиі қымбаттайтыны жөнінде шағым айтады. Өткен аптада Amanat партиясының өңірлік филиалы жанындағы мониторингтік топ сауда орындарын аралап, кейбір азық-түліктің қымбаттағанына көз жеткізді.
Тарих • 08 Тамыз, 2022
Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтіп жатыр. Көрмеге Отырар қаласының тарихынан сыр шертер 80-нен астам құнды жәдігер қойылған.
Қоғам • 05 Тамыз, 2022
Су – тілсіз жау. Әсіресе жаз мезгілінде өзен-көлге суға түскендердің арасынан өкінішке ұрындырар қайғылы оқиғаға ұшырайтындар аз емес. Сол себептен биыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы қауіпті учаскелердің жағалауына 125 белгі орнатты.
Медицина • 04 Тамыз, 2022
Қатерлі ісікке шалдыққандар қатары көп
Мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетудің кешенді жоспары бар. Былтыр қабылданып, 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын жоспарда сан алуан саланы өркендету көзделіп отыр. Оған басты байлық – денсаулық саласы да енгізілген.
Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Жүргізушілер қарызы – 355 млн теңге
Қазір екінің бірінде көлік бар. Кейбіреулер көлік алуға табан ақы маңдайы терімен тапқан табысынан жинаған қаржысын жұмсайды. Алайда «темір тұлпар» міну үшін банктен несие алып, қарызға батып жүргендер де аз емес.