Қоғам • 18 Шілде, 2022
Өңірде жол апаты көбейіп барады. Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың дерегіне сүйенсек, биыл жол-көлік оқиғасы 21,4, қаза болғандар 60, дене жарақатын алғандар саны 11,8 пайызға өскен. Алты айда 153 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 40 адам қаза тауып, 189 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Аймақтар • 15 Шілде, 2022
Оқырман залына айналған саябақ
Мұнайлы шаһар тұрғындарының көбірек серуендейтін орны – Жайық өзенінің жағалауы. Облыстық балалар кітапханасының ұжымы өзен жағалауындағы жастар саябағын оқырман залына айналдырды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2022
Балық аулаудың да өзіндік қызығы көп. Балықшылар қармағына алып балық түскенін қалайды. Алайда бұл – ілуде бір кездесетін жайт.
Аймақтар • 13 Шілде, 2022
Құбырмен бірге үзілген қос тағдыр
«Теңіз» – Атырау облысындағы көмірсутекті шикізаты мол ең ірі кеніштің бірі. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан шамамен 150 шақырымдай қашықта орналасқан. Кен орны іске қосылғаннан бері халықаралық маңызға ие бірнеше жоба іске асырылды. Ал қазір келешек кеңею және ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының құрылысы жүріп жатыр.
Қоғам • 12 Шілде, 2022
Халықты толғандырған мәселелер бар
Толғауы тоқсан тіршіліктің қиындығы таусылған ба? Жергілікті билік тарапынан әлеуметтік мәселесі оң шешім таппағандар Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрайды. Сондай жандар Атырауда да бар. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қоғамдық қабылдауына келгендердің басым бөлігі баспана алу қиындығын алға тартты.
Қоғам • 10 Шілде, 2022
Атырауда да құрбан малын шалуға ниет еткендер қатары аз емес. Алайда Құрбан айттың алғашқы күні базардағы мал бағасы қымбаттап шыға келді.
Қоғам • 07 Шілде, 2022
Каспий теңізінің үстінде қос қанатын сабалап, шарқ ұратын шағала тосын індетке ұшыраған секілді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының өкілдері 19 маусымда шағаланың жаппай қырылғаны жөнінде жедел хабар берген. Кен орнындағы DS-04 және DS-01 жасанды аралында 2 750 қара шұбар тұқымды шағала қырылған.
Аймақтар • 04 Шілде, 2022
Атырауда Домбыра күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты көшпелі көрме өтті. Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейі ұйымдастырған көрмеге ақынның тұтынған бұйымдары, оның ішінде екі домбырасы қойылды.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Атырау облысында 8 780 балаға тұрақты алимент төлейтін 5 007 борышкер бар. Алайда бауыр еті – баласына көмек беруден безетін безбүйректер де кездеседі. Қазір 185 адам 290 млн теңгенің алиментін төлеуден жалтарып жүр.
Аймақтар • 28 Маусым, 2022
Электронды бақташының ерекшелігі
Цифрлы технологияны ауыл шаруашылығы саласына да енгізуге болады. Бұл әдісті Құрманғазы ауданындағы «Қараша» шаруа қожалығы қолға алды. Қазір аталған шаруашылықта өріске шыққан мүйізді ірі қара электронды бақташымен бақыланады.