Қазақстан • 14 Тамыз, 2020
Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды
Алдағы үш жылда шылымның ең арзаны 600 теңге болады. Қаржы министрлігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Коронавирус • 14 Тамыз, 2020
Елордалық сауда және бизнес нысандары ашылуға дайындалып жатыр
17 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі. Осыған байланысты, елордадағы ірі сауда орындары санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Оны қалалық әкімдік пен СЭС қызметкерлері тексеріп жүр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлтты арнасына сілтеме жасап.
Медицина • 13 Тамыз, 2020
Елордадағы 27 медициналық ұйымның жоспарлы қызметі қайта жанданды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жаңартылған уақыты, күні көрсетілген медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі берілген. Тізбе үнемі жаңартылып отырады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 13 Тамыз, 2020
Ескі Түркістан қаласынан тарихи нысандар табылды
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан табылған маңызды тарихи нысандар археологтардың назарын өзіне аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Тамыз, 2020
Ерік Сұлтанов: "5-10-20" бағдарламасы бойынша берілетін үйлерді тездетіп тапсыру керек
Сенат депутаты Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысына барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты. Облысқа қарасты аудандарға арнайы барған депутат жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Сенатор бұл салаға мемлекет бюджетінен жүздеген миллион теңге қаражат бөлінетініне мән беріп, жергілікті билік осы бағыттағы жұмысты ұдайы бақылауда ұстауға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, Ерік Сұлтанов жергілікті шаруа қожалықтарының біріне ат басын бұрып, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың және бидай кептіретін орынның құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Тамыз, 2020
Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Қазақстанда өткен тәулікте 517 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Оның ішінде 239клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2020
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
Бүгін БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мырза және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза қол қойды. Негіздемелік бағдарлама – БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы бес жылдық ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама стратегиялық серіктестер – БҰҰ агенттіктерінің, министрліктердің, азаматтық қоғам өкілдері мен жеке сектордың негізгі ресурстарын шоғырландыру арқылы 2030 жылға арналған күн тәртібіне қол жеткізудің негізгі құралы, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2020
Онлайн-кездесу барысында Агенттік төрағасы Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне, оның ішінде парламенттік оппозиция институтын енгізуге, саяси партиялар құру үшін оның мүшелерін кем дегенде екі есе азайтуға (40 мыңнан 20 мыңға дейін), партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың 30%-дық квотасына баса назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 12 Тамыз, 2020
Төле би - еліміздің түскейіндегі Түркістан облысының табиғаты әсем таулы аудандарының бірі. Аудан орталығы Леңгір қаласынан төрт–бес шақырым қашықтықта, суы маржандай төгіліп, сылдырлай аққан Тоғыс өзенінің бойында, шығысынан Өгем мен Қаржантаудың жоталары, ал оңтүстік батысында Қазығұрт тауы мен мұндалайтын шағын алқапта Аққұм ауылы орналасқан. Төңірегі жасыл желекке оранған, тамыры ғасырлар қойнауынан бастау алатын осы елді мекенде ұлтымыздың арғы-бергі тарихын жақсы білетін, өңірдің әрбір тауы мен тасынан хабардар көкірегі шежіре жан, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған аяулы ұстаз – Тұрсынбай Әбдіхалықов ғұмыр кешті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...» деген халық даналығы. Ендеше, қолыңызға алып, көз салған мақала бүгінде бақилық болған алыстағы ауыл мұғалімінің көпқырлы тұлғасына, ғибратты өмір жолына арналмақ.
Экология • 12 Тамыз, 2020
Экология министрлігі өз жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді
Бұл туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді. Ол өткен жылдың қарашасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп құрылды. Айгүл Соловьева Экология министрлігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбындағы отырысы шеңберінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Egemen.kz