Ипотека • 13 Қыркүйек, 2024
Ипотека: Өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша қабылдау жүргізіледі. Қосымша өтінім қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінімді «Баспана маркет» порталында беруге болады.
Несие • 13 Қыркүйек, 2024
Елдегі қаржы ұйымдарының табысы еселеніп, мерзімі өткен берешек көлемі артып жатыр. Тамыз айындағы есепке сүйенсек, екінші деңгейлі банк активінің жалпы жиынтығы – 56,8 трлн теңге, ал несие портфелі 32,5 трлн теңге деңгейінде тұр. Жыл басынан бері несие портфеліндегі төленбегеніне 90 күннен асқан берешек үлесі артып, 1 трлн теңгеге дейін өскен.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024
Экономиканың нақты секторын дамыту қажет
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Мақсат – кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, одан әрі өзара іс-қимыл шараларын қарастыру.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2024
Кешенді жоспар кезек күттірмейді
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Парламент депутаттарымен кездесу өткізіп, онда ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі шараларды ұсынды. Кездесуге Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Инвестиция • 12 Қыркүйек, 2024
Араб үйлестіру тобы еліміздегі жобаларға 7 млрд доллар қаржы құймақ. Бұл туралы Астанада өткен Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры сынды институттарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының отырысында мәлім болды.
Референдум • 12 Қыркүйек, 2024
Алдағы уақытта АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтпек. Маңызды шара қарсаңында мәселенің байыбына барған түрлі кездесу мен талқылау ұйымдастырылып жатыр. Сондай алқалы жиын «Бейбіт атомды қолданудың артықшылықтары» тақырыбымен өтті.
Референдум • 11 Қыркүйек, 2024
АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бұрын-соңды жасап көрмеген ісіміз болған соң күмәндану – адами түйсікке тән құбылыс. Бірақ жөнсіз қорқынышқа жол берудің тағы орайы жоқ дейді кәсіби мамандар. Көпшілік айтып жүрген көп түйткілдің екеуі – АЭС-ке жауапты жергілікті мамандардың даярлығы және мәселенің экологиялық қыры жөнінде сарапшылар пікірін білудің сәті түскен еді.
Қаржы • 11 Қыркүйек, 2024
Нарық өрлеуі үшін елдегі қаржы саласы қағажу көрмеу керек. Бұл – күрделі де көпөлшемді ұғым. Қай экономистен сұрасаңыз да, «қаржы дағдарысы аяқасты келмейді, алдын ала міндетті түрде сездіреді» дейді. Сол себепті табан асты түйткіл тумас үшін мамандар бұл мәселені үнемі назарда ұстап отырады. Мұның бір мысалы – жақында өткен «Astana Finance Days» конференциясы. Онда Еуразия өңіріндегі қаржы саласының қазіргі заманғы мәселелері, үрдістері мен мүмкіндіктері талқыға түсті.
Өндіріс • 10 Қыркүйек, 2024
Қағаз-целлюлоза өнеркәсібі өрлемек
Орман шаруашылығының негізгі салаларының бірі – қағаз-целлюлоза өнеркәсібі. Кейінгі жылдары осы саланың экономикалық әлеуеті пайдаланылмай жатқаны белгілі. Биыл осы олқылықтың орны толып, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлінбек. Елімізде жалпы құны 11,1 млрд теңге болатын 7 жоба іске қосылып, 215 жаңа жұмыс орны ашылады.
Таным • 07 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Робот та самғайды
Италия ғалымдары ұшатын робот жасады. Адамнан аумайтын құрылғыға 4 реактивті қозғалтқыш орнатылған. Екеуі арқасында, екеуі қолдарында тұр.