Спорт • 22 Шілде, 2021
Зарина Диас: Жүлде алу үшін барымды саламын
Соңғы сәтте Халықаралық теннис федерациясының қосымша квотасы арқылы Олимпиада жолдамасына ие болған қазақстандық теннисші Зарина Диас бүгінде Токиода дайындық үстінде. Олимпиадада жүрген отандық БАҚ өкілдеріне zoom арқылы сұхбат берген теннисші өзінің дайындығы мен алдағы мақсатымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2021
Енді бір күннен кейін Токио Олимпиадасының алауы тұтанады. Бүкіл әлем асыға күтіп отырған төртжылдықтың басты додасында қазақстандық жанкүйерлердің назары белгілі бір деңгейде дзюдошыларға ауатыны анық. Оған себеп те жоқ емес.
Спорт • 21 Шілде, 2021
Олимпиада өтпей қалуы мүмкін бе?
Токиодағы Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто дүбірлі дода басталғанға дейін жағдай ушығып кетсе, ойындар болмауы мүмкін екенін айтты.
Спорт • 21 Шілде, 2021
2032 жылғы Олимпиада ойындарының қайда өтетіні белгілі болды
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы жазғы Олимпия мен Паралимпия ойындары Аустралияның Брисбен қаласында өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2021
Токиода жоғалып кеткен ауыр атлет табылды
Жапонияда жоғалып кеткен угандалық 20 жастағы ауыр атлет табылды, деп хабарлады Токиодан Egemen.kz тілшісі.
Спорт • 18 Шілде, 2021
Қарсы ал, Токио, қазақстандықтарды!
Бес жыл тағатсыздана күткен XXXII жазғы Олимпия ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Иә, осы жолы төртжылдықтың басты додасын бес жыл күткенімізді білесіздер. Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 8 тамыз аралығына жоспарланған-ды. Алайда пандемияға байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдың 24 наурызында Олимпиаданы «2020» жазуын сақтай отыра бір жылға (2021 жылы 23 шілде мен 9 тамыз аралығы) кейінге шегерді.
Спорт • 16 Шілде, 2021
Қазақстан спортшылары Токиоға аттанды
Бүгін Алматы халықаралық әуежайынан сағат 23:00-де Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Олимпиадаға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Балуандарымыз бас жүлде үшін белдесе ала ма?
Енді санаулы күндерден кейін Жапонияның Токио қаласында жазғы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Пандемияға байланысты бір жылға кешігіп жеткен аламанға Қазақстан спортшылары сақадай-сай отыр. Отандастарымыз Токио төрінде спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Қоржынымызда 96 жолдама бар.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Баландин Visa картасына «сыйып кетті»
Олимпиада ойындары қарсаңында Токиода Қазақстан олимпиадалық құрамасының ресми серіктесі Halyk Bank стильді олимпиадалық дизайнмен арнайы Visa картасын ұсынды. Банк картасында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Луценко Олимпиадада топ жаруы мүмкін
Токио Олимпиадасында велоспорттан ел намысын үш спортшы қорғайды. Олар ‒ Алексей Луценко, Дмитрий Груздев және Вадим Пронский. Олимпия ойындарында Қазақстан командасының капитаны міндетін Алексей Луценко атқарады.