Су тасқыны • 25 Мамыр, 2024
Трансшекаралық өзеннен қауіп бар ма?
15-22 мамыр аралығында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Нанвань гидробекетінің маңында су деңгейі көтеріліп, шығысқазақстандықтарды алаңдатып қойды. Осы аумақта ағып жатқан Буыршын өзені трансшекаралық Қара Ертіс өзеніне, ал Қара Ертіс Зайсан өзеніне құяды.
Оқиға • 23 Мамыр, 2024
Кененге Оспанқұлдың көңіл айтуы
Алатаудың қос баурайын жайлаған қырғыз-қазақты бір туған деп қашанда өзімізге жақын тартамыз. Ата салтымызды салыстыра жүріп, ұқсастықтар іздейміз. Бағзыдан араласып-құраласып жатқан халықтың салт-санасы, ұғымы, мәдениеті ұқсамай қайда барсын? Соның ішінде қаралы үйге көңіл айту дәстүрі де бар.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Мұралда – ел қорғаушылар бейнесі
Ертіс пен Үлбінің тоғысқан тұсындағы Өскемен – ерекше қала. Шаһар көркін кейінгі кездері көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына салынып жатқан мұрал суреттер де аша түскен.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Ертіс елді мекендерге қауіп төндірмей ме?
15-22 мамыр аралығында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Нанвань гидробекетінің маңында су деңгейі көтерілген. 21 мамыр 20:00-дегі жағдай бойынша судың шығын көлемі – 2070 м3/с. Аталмыш жағдай 2013 және 2016 жылдары тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Талбесік • 16 Мамыр, 2024
Өмеш асуынан аса бере тау арасындағы иір жолдың қос қапталы күлгін түсті гүл атқан аласа бұталар. Көрсеңіз ғой, әр-әр жерге шоқтасқан әдемілік.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2024
Өскеменнің көшелерін жарықтандыру жобасы осыдан бірнеше жыл бұрын басталғанымен, нәтиже болмаған. Оның үстіне тұрғындардан көшелердің жарық шамдарына қатысты жиі шағым түсе бастаған.
Байқау • 15 Мамыр, 2024
Өскемен көгінде күй күмбірледі
Мұндай байқау Өскеменде бұрын-соңды болмады десек, әй өтірік айтқандық емес. Ұлттық өнерді насихаттауды мақсат еткен «Күй – дария, күй – ғұмыр» атты облыстық жас күйшілер байқауы Шығыста тұңғыш рет өтті.
Еңбек • 14 Мамыр, 2024
Райханның түйген тұшпарасы ерекше дәмді деген соң Күршімнің көлденең көшесіндегі цехқа қарай бұрылғанбыз. Шағын цехта қарбалас тіршілік. Бірі ет тураса, енді бірі тұшпара түйіп отыр. Кәсіптің көзін тапқандарға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетіледі емес пе. Дәмі тіл үйіретін тұшпараға сұраныс жоғары болғандықтан, жергілікті әкімдіктен Райхан Нұрғазинаға тиімді несие ұсынылған.
Табиғат • 13 Мамыр, 2024
Табиғаттың тылсым құдіреті ме, биыл бұлақтар өзен болып тасып, көлшіктер көлге айналды. Сулы алқаптардың құстары шуласып, балығы туласып қалды. Сонау Зайсан көлінің жағасындағы Ақсуат ауылына жете берістегі жазыққа жайылған суға аққу қонып, елі аң-таң.
Табиғат • 11 Мамыр, 2024
Тайынтыға қарағай көшеттері егілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Асубұлақ орманшылығының аумағында табиғат жанашырлары мен еріктілер бірлесіп, қарағай көшеттерін екті.