Жемқорлық • 25 Шілде, 2025
Бас санитар дәрігер мен оның сыбайластары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев пен осы мекеменің бас маманы Жанғабаев және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазмұханбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 18 Шілде, 2025
Ақтөбеде металлургтер ұлықталды
Ақтөбе облысында Металлургтер күніне орай салтанатты шаралар өтіп жатыр. Еліміздің индустриялық әлеуетін нығайтып, тұрақты дамуына серпін беріп отырған металлургтердің кәсіби мерекесіне орай бірнеше еңбек озаты мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 10 Шілде, 2025
Жастар «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты
«Jasyl Cross» жүгіру марафоны аясында 300-ге жуық ақтөбелік жас қала іргесіндегі Кірпішті елдімекені жанындағы қалалықтардың сүйікті демалыс орны «Махаббат тауын» қоқыстан тазартты. 34 командаға бөлініп, жүгіре жүріп қоқыс жинаған жастар 45 минут ішінде 500 қапты толтырды. Соның ішінде «Көкжал» тобының жеті мүшесі 53 қап қоқысты бәрінен бұрын толтырып үздік шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Шілде, 2025
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір отбасы мүшелерін кепілге алып, аса қатыгездікпен екі адамды өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 03 Шілде, 2025
Құмсай қорымында археологиялық қазба жұмыстары қайта жалғасты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының оңтүстік-шығыс бағытындағы Құмсай қорымында археологиялық қазба жұмыстары биылғы жазда қайта жанданды. Осыдан бес мың жылдай бұрын пайда болған қорғандар үйіндісі ерте қола дәуіріндегі «көне шұңқыр» мәдениетіне сәйкес келеді әрі бұл жердегі обалардан Солтүстік Кавказ бен Месопотамия ойпаты өркениетіне ұқсас жерлеу ғұрпы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 01 Шілде, 2025
Ақтөбе жастары су қоймасының жағасын тазалады
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе су қоймасы жағасында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке өңірдегі белсенді жастар және қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Экологиялық іс-шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру марафоны өтті
Шалқар ауданы прокуратурасы, аудандық жастар ресурстық орталығы, полиция және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы «Shagkar run-2025» жаппай жүгіру марафоны өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 20 Маусым, 2025
Волонтерлар қарттарға қолқабыс жасады
Ақтөбелік жиырмаға жуық волонтер «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып қолғабыс етті. Іс-шараны «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.