Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
47 материал табылды

Экономика • 30 Маусым, 2021

Қой экспортына тыйым салына ма?

Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп тірі қойдың экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысты қарады. Ұсынысты Қазақстанның қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев жолдаған болатын.

Экономика • 29 Маусым, 2021

Таңбалауды енгізу кейінге шегерілді

Осы жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуге тиіс еді. Алайда оның уақыты 1 қа­рашаға шегеріліп отыр. Сала өкілдерімен болған кеңестің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Экономика • 29 Маусым, 2021

Агросекторды қолдау қарқын алады

Елдің агроөнеркәсіп кешенін қолдау әрі дамыту – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің негізгі бағытының бірі. Сондықтан аталған бағыттағы жұмыстар жыл өткен сайын қарқын алмақ. Квазимемлекеттік сектордың халық алдында есеп беруі аясында ел тұрғындарымен әлеуметтік желі арқылы жүздескен холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов осы және өзге де жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол холдингтің 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп, алдағы жоба-жоспарлармен таныстырды.

Экономика • 28 Маусым, 2021

Оңтүстікте бензин неге тапшы?

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығы орын алып отыр. Энергетика министрлігі мәселе жақын күндері шешіледі деп сендірді.

Экономика • 28 Маусым, 2021

Автонесиелеу бағдарламасы аяқтала ма?

Ұлттық банк тағы бір бағдарламадан іргесін аулақ салмақ. Бұл жолы қаржылық реттеуші жеңілдетілген автонесие беруді тоқтататынын мәлімдеді. Бағдарлама 2015 жылы іске қосыл­ған болатын. Жобаны жүзеге асыруға Ұлттық банк 40 млрд теңге бөлген-ді. Әне-міне дегенше әлгі соманың түбі де көрін­ген екен. Нарықтың ендігі жайы не болмақ? Бұл жағдай көлік баға­сына әсер ете ме? Көкейдегі көп сауалға жауап іздеп көрдік.

Экономика • 07 Маусым, 2021

Шетел инвестициясы шектелмейді

Пандемия кезінде пайда болған дағдарыс әлемдегі сауда-экономикалық қатынастардың архитектурасын айтарлықтай өзгертті. Соның салдарынан халықаралық тәжірибедегі ұлт­тық эгоизм, регионализм, протекционизм сияқты ескірген құбы­лыстар қайта бой көрсете бастады. Өкінішке қарай, бұл тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесіне салқынын тигіз­ді. Мұны статистикалық деректер де растап отыр.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

Мемлекет ипотека нарығынан ығыспақ па?

Биыл «Баспана хит», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады. Ал келер жылы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады деп жоспарлануда. Аталған жағдай елдің тұрғын үй нарығына, банк секторына қалай әсер етпек? Бұл бұқара халықты баспаналы болу бақытынан айырмай ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.