Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
703 материал табылды

Кино • 21 Қазан, 2025

Қазақ киносының жаңа белесі

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету жұмысын жалғастырып келеді. Былтырдан бері отандық туындылар 300-ден астам халықаралық кинофестивальға қатысып, 177 жүлде иеленді. Осы аралықта Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды.

Қоғам • 18 Қазан, 2025

Азаматтар автокөлікті лизинг арқылы ала алады

Жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 18 Қазан, 2025

Минуттық төлем жүйесі енгізілуі мүмкін

Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем жүйесі енгізілмек, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыс • 18 Қазан, 2025

Күдікті Дубайда ұсталды

Lenovo директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Басылым • 09 Қазан, 2025

Тұлға туралы тың дүние

Президент архивінде ХХ ғасыр­дағы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қызметіне арналған «Нығмет Нұрмақов. Құжат­тар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақтың тұсаукесері өтті. Кітапта оның реформаторлық қызметі, елді индустрияландыруға қосқан үлесі және отбасылық трагедиясы архив деректері негізінде көр­се­тілген.

Сұхбат • 08 Қазан, 2025

«Ұлттық жоба дәстүрді жаңғыртып, рухты шыңдайды»

Жуырда «Amanat» партиясының қолдауымен Қостанай облысының Торғай аумағында Алаш арысы Міржақып Дулат­ұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Айтулы шараға елімізден және шетелден 18 команда қатысып, 90 жүйрік бағы мен бабын сынады. Торғайдан бастау алған жорық Арқалық қаласына ат басын тіреді. Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бірінші орынды бауыр­лас қырғыз елінің командасы алса, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы, ал жүлделі үшінші орынды Қостанай облысының командасы еншіледі.Осы дүбірлі дода туралы республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының құрметті президенті, Парламент Сенатының депутаты Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі мырзамен сұхбаттасқан едік. Жорық жайы туралы сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Қоғам • 03 Қазан, 2025

Ұлт һәм ұлы таңдау

Діттеген жеріміз – жарықтық Аққатын сайына жүк көлігімен оп-оңай жетіп алдық. Сайдың кіре берісінен бастап отын деген жетіп артылады. Ірі-ірі, пәленбай жылдық қара талдардың жерге құлаған қураған бұтақтарынан аяқ алып жүре алмайсың. Шетінен бұта да көлігіңнің қорабына лақтыра бер. Мен «ә» дегеннен солай ойлағанмын. Бірақ ағамның ойы басқаша болып шықты. «Сен немене, мына шашылып жатқан жіңішке, жақсаң жылуы жоқ, қағазға ұқсап лап етіп барып сөніп қалатын бұтақтарды жинап алып үйге жетіп бармақпысың, жоқ, болмайды, мына құлап жатқан, өзегі кепкен, жуан-жуан ағаштарды аламыз», деді. Шынында ағамдікі жөн еді.

Сауда • 03 Қазан, 2025

Тауарларға енді екі түрлі баға қойылады

Елімізде сатушылар қолма-қол ақшаға алғанда бір баға, бөліп төлеуге сатып алынған жағдайда екінші баға көрсетуге міндеттелді, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 03 Қазан, 2025

Заңсыздықтан болған залал аз емес

Заңсыз майнинг фермаларының қызметінен 1,3 млрд теңгеге залал келген, деп жазады Egemen.kz.

Ең қысқа әңгіме • 26 Қыркүйек, 2025

«Мен таңдаған бойжеткен...»

Пойызға отырдық. Жолаушы көршілерім орындарына жайғасып жатыр. Әлі екі орын бос. Міне, олардың да иелері келді. Бірі – бойы тым пәкене, иығы қушиыңқыраған. Реңі әжептәуір. Қой көзі ойнақшыған, жүзі жылы, шашы тықыр, жас шамасы қырықтан едәуір асқан жігіт. Екіншісі – ұзын бойлы, мойны жуан, иықты, аяқ-қолы балғадай, ұзын етек көйлек киген, басына қызғылтсары, жылтырақты орамал тартқан, сығырайыңқыраған қара көзді, жалпая біткен мұрны дөңгелек жүзіне жарасыңқы, маңдайы кең, сыртқы пошымы егер еркекше киінсе ер-азаматқа ұқсап қалары даусыз, жасы әлгі жігітпен қарайлас қарапайым келіншек. Бойларына қарап ерлі-зайыптыға ұқсатпадым. Бұлардың сөмкелерін көтерісіп, шығарып салуға келген бойлары теректей, жаурындары қақпақтай екі бозбала олармен құшақтаса қоштасты да, бізге де сәтті сапар тілеп шығып кетті.