Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
559 материал табылды

Әдебиет • 26 Қаңтар, 2023

Өлең мұрасының өзегі – атамекен

Ақын Ақылбек Манабаевтың жыр қоймасына кірсеңіз шалқыған шабыттан туған есті де иі әбден қанған өлеңдер оқып, жаныңыз жадырап, санаңыз сілкініп, бір жырғап қаласыз. Ақынның мақпал жырларына ден қойғанда ондағы толғаныс пен тебіреністер, нәзік иірімдер, бір мұңайтып, бір қуантып әрі-сәрі күй кештірер парасатты пайымдар мен өзіне жіпсіз байлап, баурап алар тылсым көріністер жаныңа ерекше әсер етеді. Әсіресе сөз шеберінің өлеңдеріне арқау еткен табиғат суреттері түйсіне оқыған жанды бейжай қалдырмайды.

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2023

«Қызылтөбе деген жердің ұлымын»

«Қызылтөбе – сөнбейтін қызыл жалын,Қуанғаным, күлгенім, қызғанғаным.Қызылтөбе – мендегі қыршын жастық,Қызылтөбе – жүректе қызыл қа­ным...». Бұл қай Қызылтөбе дейсіз бе? Ай­­тайын, Баян-Өлгей аймағын­дағы Қы­зылтөбе – ақын Имашхан Бай­ба­тырұлы туған ауыл. Ал жоға­ры­дағы төрт жол өлең ақынның «Қы­зыл­төбе» атты жырының алғашқы шумағы.

Пікір • 23 Қаңтар, 2023

«Өнер-білім бар жұрттың» өнегесі

Қазір біз Ыбырай Алтын­са­рин­ның атақты «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін қайта оқып, оған жаңаша көз­қа­рас­пен қарауымыз керек. Біз осы өлеңді бала­ларға арналғандай көре­міз. Түсіне біл­сеңіз, бұл іс басында жүр­ген бүгінгі ере­сектерге арналып тұр. Қа­лай­ша дей­сіз бе?..

Әдебиет • 23 Қаңтар, 2023

Ат жалында кеткен арман

Ақын Нұрлан Мәукенұлы (Берғазиев) мына жалғанның жарығын небәрі 43 жыл ғана көрді... Аспаны заңғар, топырағы құнарлы Зайсанда 1960 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келіп, өмірдің мәнін өлеңнен іздеп өткен ақынның қазақ поэзиясындағы сапары жалғаса бермек. Тек ақын есімін жаңғыртып, жырларынан сусындап, туындыларын лайықты бағалай білсек, қанеки...

Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023

«Сынынан сақта, Алла, надандардың...»

«Сарыарқа мен Сырдағы, Көшпелі қазақ баласы, Ахуалыңа қарашы! Артық кетті біздерден, Өзгелердің һәммасы».

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2023

Батақтың Сарысы

XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген қазақ ақындары мен әнші-композиторларының бір өкілі – Сары Батақұлы. Ел аузында Батақтың Сарысы деп аталып кеткен ол – ақын, әнші-композитор ғана емес, батыр, күрескер тұлға.

Руханият • 19 Желтоқсан, 2022

Ойға жетелер «Ой-керуен»

Астанадағы Ұлттық акаде­миялық кітапханада ақын, журналист Айгүл Сейілдің «Ой-керуен» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Кино • 19 Желтоқсан, 2022

«Томиристі» жоғары бағалады

Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтіп, оған Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2022

Ерте үзілген жыр-ғұмыр

Бәріне қара тас кінәлі ме?.. Көлік жол шетіндегі тасқа соғылды, дүние төңкеріліп жүре берді. Өлең-күй шертілмей қалды – жыр-ғұмыр үзілді. Аяқталмай қалған өлеңі бедерленген ақ парақты ұстап аңыраған ана, ақ жаулығының ұшымен бетін баса жылап адал жар, көкелерінің мәңгілікке кеткенін аңғарған-аңғармаған сәби-бала, бауырымдаған ағайын қалды соңында. Бұл, үлкендерден естігеніміздей, ақын Жеңіс Қарғабаевтың жер бетіндегі тағдырына нүкте қойылып, бақиға аттанып кете барған сәттердегі сұрықсыз көрініс еді.

Кино • 05 Желтоқсан, 2022

Азаттық аңсаған көш

Астанада «Алтайдан Анадолыға» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған фильмнің тұсаукесер рәсіміне тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты.