Әдебиет • 22 Қараша, 2023
Сағат ақын. Ол небәрі отыз алты жыл ғана өмір сүрді. Жаратқанның дегеніне көнбейтін пенде бар ма? Тәңірдің пешенесіне жазғаны осы шығар... Ол өзінің қысқа ғұмырында (1948-1984 жж.) қазақ әдебиетінен өз орнын таба білді. Өте кірпияз, таразысы әділ, талабы қатал қазақ поэзиясының, оның талғамы биік оқырманының үдесінен шығу кіл мықтылардың ғана қолынан келеді. Ал біз сөз еткелі отырған Сағат Әбдуғалиев сол мықтылардың қатарында.
Тағзым • 16 Қараша, 2023
Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні ашылды
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде тағы бір жақсы жаңалық болды. Өткен жылы университетке есімі берілген қазақтың көрнекті ғалымы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның ескерткіш-мүсіні орнатылды.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Тәкей Есетовтің 100 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция басталмас бұрын Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің алдындағы қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.
Пікір • 12 Қараша, 2023
Медиакеңістіктегі бәсіміз қандай?
Қазіргі таңда еліміздің медиакеңістігінде ықпалды әрі мән-маңызы жоғары контент қалыптастыру аса қажет. Сондықтан саланың бағдар-пайымы, негізгі ұстанымы жүйеленуге тиіс. Бұл туралы әрдайым сөз қозғалып жүргенімен қандай да бір іс-қимыл байқалмайды. Әрине, аталған бағытта тиісті жұмыстар қолға алынып жатуы да мүмкін, бірақ оның әсері қоғамда сезілмейді.
Жәдігер • 01 Қараша, 2023
Сәкен Сейфуллин: бұрын жарияланбаған видео
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, атап айтқанда PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқал Мәскеудегі мемлекеттік архивтен бірнеше құнды бейнежазылым тапты. Олардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің бұрын жарияланбаған видеосы да бар.
Өнер • 01 Қараша, 2023
Атыраулық суретші Назерке Ищанова Испанияда өткен халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленіп, салтанатты марапаттау рәсіміне шақырту алды.
Мәдениет • 19 Қазан, 2023
Ақтауда қазіргі заманға сай интерпретацияланған этностық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті.
Басылым • 17 Қазан, 2023
Профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықовтың Германияның «LAP LAMBERT» академиялық баспасынан таяуда жарық көрген ағылшын тіліндегі ғылыми еңбегі әлемнің алты тіліне аударылды.
Абай • 05 Қазан, 2023
Абай шығармалары – әзербайжан тілінде
Астанада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған, әзербайжан тіліндегі «Abay Azarbaycanda va dünyada» атты жинақтың тұсаукесерін өткізді.
Көрме • 04 Қазан, 2023
Астанадағы «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтер, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтер, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілерге арналған әмбебап фотокөрменің ашылу рәсімі өтті.