Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Адами капиталды дамыту – басым бағыттардың бірі
Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) Қазақстандағы жүйелік реформаларды модернизациялау және іске асыру жөніндегі аналитикалық зерттеулер негізінде жүргізілген ашық талқылау сессияларының барысында Зерттеу және консалтинг орталығы (CRC) адами капиталды және еңбек нарығын дамытудағы жұмыс нәтижелерін ұсынды.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2020
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік
ІІ дүниежүзілік соғыстағы ерлігінің арқасында 100-ден астам қазақстандық «Даңқ» орденінің толық иегері атанса, 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атанды, оның төртеуі Түркістан қаласынан аттанғандар еді. Солардың бірі – Кеңес Одағының Батыры Абдулла Үсенов.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы ісіне адалдығы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарлары Олжас Бектенов пен Шыңғыс Қабдулаға 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныптары берілді. Алик Шпекбаев Президенттің тапсырмасы бойынша Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерін мерекелеуге арналған салтанатты жиында оларға генерал погондарын табыстады.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
«Сталинград үшін шайқас»: нақты деректер, мәліметтер
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесін ұсынады.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
«Сөнбесін, ана, шырағың…» республикалық жобасы бастау алды
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі соғыс жылдарындағы әйелдер туралы ақпарат жинау бастамасы жүзеге асырылатын «Сөнбесін, ана, шырағың» жобасын іске қосты.
Парламент • 05 Мамыр, 2020
Мәжілісмендер бір күндік жалақысын аударды
Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтааралда зардап шеккендерге көмек қорына аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2020
Оңтүстік Корея компаниясы гуманитарлық көмек көрсетпек
Оңтүстік Кореяның «SIGONGTECH» компаниясы Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры, Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігінің және Кореядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен коронавирус инфекциясынан қорғайтын арнайы костюмдер мен медициналық диагностика құралдарын Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырды.
Елорда • 04 Мамыр, 2020
А. Көлгінов қызметкердің жемқорлығы үшін бірінші басшы жауап беретінін ескертті
Бүгін елордалық «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында қала әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту жөнінде онлайн кеңес өтті.
Елорда • 04 Мамыр, 2020
Елордалық шенеуніктерге жеке жауапкершілік туралы тағы да ескерту жасалды
Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Нұр-Сұлтан қ. әкімі Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов, сондай-ақ аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшыларының қатысуымен онлайн кеңес өтті.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Оңтүстік өңірдегі бірқатар әскери нысандар тексерілді
Қарулы Күштердің алдында коронавирустық инфекциямен күрестен басқа көптеген басқа да кезек күттірмейтін міндеттер тұр. Атап айтқанда, бұл жауынгерлік дайындық пен қорғаныс қабілеттілігінің қажетті деңгейін ұстап тұру, Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.