Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Айыппұл арқалаған «Air Astana»
«Air Astana» әуе компаниясына 876 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Айыппұл жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін салынған. Шешімді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарының тексерісі нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады.
Экономика • 30 Қараша, 2023
Транскаспий дәлізінің мүмкіндігі
Орталық Азия және Кавказ арқылы Қытай мен Еуропа нарығын жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі өңірлік сауда-саттықты күшейтіп, елдер арасындағы байланысты нығайта түспек. Дүниежүзілік банк баяндамасында осылай айтылады. Халықаралық ұйым сарапшыларының пікірінше, маршрут сондай-ақ Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік сауда бағыттарының орнықтылығы мен әртараптануын да (жеткізу тізбегін геосаяси тәуекелдерден қорғай отыра) қамтамасыз ете алады.
Пікір • 02 Қараша, 2023
«Сабырбай-ау, саған не болған?»
Жақында саябақтардың бірінде 4 жасар ұлым екеуміз серуендеп жүрдік. Оның әңгімесі таусылған ба, сұрамайтынды сұрайды. Шаппа-шап жауап тауып тұрудың өзі – тәуір жетістік. Қасымыздан аяңдап өтіп бара жатқан егде тартқан ер мен әйел біз жаққа таңырқай көз салып, сәл аялдады да, қайта жүрді. Сосын қайта тоқтады.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Құрылыс кодексі қандай түйткілді шешеді?
Елордада құрылыс саласының отандық форумы деп айдар тағылған алқалы жиын өтіп, сарапшылар мен білгірлер жиылып, жаңа құрылыс кодексін, басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға ірі құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдері, құрылыс саласындағы жетекші мамандар, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Елорда • 01 Қараша, 2023
Кезекті көпір көлік қозғалысын жеңілдетеді
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Әуелде ашылуы 30 қазанға белгіленген көпір, бір күн ерте – 29 қазанда ел игілігіне ұсынылды.
Қоғам • 27 Қазан, 2023
«Ұлттық қор – балаларға» жобасының жаңашылдығы
Кейінгі жылдары өзінің жинақтаушы функциясынан біршама ажырап, бюджет тапшылығын бүтіндейтін жобаға айналған Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жасалмақ. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның елу пайызының мөлшері анықталады.
Көрме • 23 Қазан, 2023
27 елден келген 238 компания. Бұл – дәстүрге айналған «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмесіне қатысушылар саны. Көрмеде агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
Саясат • 20 Қазан, 2023
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанға не үшін қызығады?
Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Соңғы бір жылдың өзінде тараптар арасында біршама байыпты келісімдер жасалды. Экспорттаушылар үшін кедендік процедураларды жеңілдету, қорғаныс өнеркәсібі саласында қатынас орнату, білім саласында байланысты бекемдей түсу секілді қадамдар батыл әрі нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.
Экономика • 16 Қазан, 2023
Орталық Азиядағы E-Commerce – игерілмеген алқап
Еларалық сауда айналымында электронды коммерцияның үлесі басым бола бастады. Қазір Орталық Азияда Е-Сommerce бойынша еліміз жетекші орынға ие. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес нарық көлемі шамамен 4 млрд долларды немесе бөлшек тауар айналымында жалпы көлемінің 12,5 пайызын құраған. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Орталық Азияның үлкен өнеркәсіптік, сауда-логистикалық, зияткерлік, кадрлық және ғылыми-цифрлық әлеуеті бар. Бұл жақын болашақта ОА елдерінің өзара тауар айналымын 15 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Банк • 12 Қазан, 2023
Халықаралық агенттіктер бағасы
Қазақстанның банк секторы соңғы бірнеше жылда айтарлықтай даму мен өсім көрсетті. 2020 жылдан бері бүкіл әлемде жалғасып келе жатқан дағдарыс толқындары да салаға кері әсерін тигізген жоқ: отандық қаржы институттары реформалар, бірігу және шоғырландыру бойынша қажетті рәсімдерді жүргізе отырып, барлық сын-қатерге дер кезінде тұрақты түрде тойтарыс берді деп есептейді сала сарапшылары.