Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Бизнес • 11 Шілде, 2023

Шағын бизнестің ауқымды мәселелері

Экономиканың тірегі – шағын және орта бизнес (ШОБ). Елі­міз­де аталған саланың қар­қын­ды дамып жатқаны туралы айтылған жылы пікірлер же­тер­лік. Ол жа­йында сан алуан цифр­лар да мысалға ұсы­ны­лады. Алайда тереңіне үңіл­сек шешімін табуды күтіп, қор­даланып жатқан түйткіл дәл осы салада өте-мөте көп. Бас­қасын былай қойғанда, 2017 жылы ашылған 38,8 мың шағын ком­­панияның бес жылдан соң 31 мыңының жабылып қалуы – біз­ге байқалмайтын үлкен проб­ле­­ма­ның бар екенін аңғартып тұр емес пе?

Өндіріс • 10 Шілде, 2023

Аяқкиім де шеттен келеді

Былтыр елімізде отандық өндірушілер 1,7 млн жұп аяқкиім тігіпті. 2021 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға өсім бар. Ал биыл бірінші тоқсанда компаниялар 421 мың жұп аяқкиім тіккендері туралы есеп берген. Бұл да тәуір қарқын – 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 38 пайызға көп.

Қоғам • 10 Шілде, 2023

Әмбебап базарлар жаңаруға тиіс

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы әмбебап базарларды модернизациялау бойынша мерзімді ұзарту туралы бірнеше рет мәселе көтерген болатын. Заң бойынша мерзім 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталған еді.

Несие • 10 Шілде, 2023

Жеңілдетілген несие шарты

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға арналған несие беру тәртібін жария етті. Қазір құжат жобасы Ашық үкімет порталында талқылауға ұсынылған.

Медицина • 05 Шілде, 2023

Медициналық туризм орталығының мүмкіндігі

Елордада қала күні ме­рекесі қарсаңында «Аста­наның 25 жылдығы: Ас­тана – болашақ қаласы» атты форум өтіп, оның аясында «Медицина­лық туризм» панелдік сес­сиясы ұйымдастырыл­ды. Оған медициналық туризмнің жаһандық на­рығын дамытуға атсалысып жүрген білікті са­рапшылар қатысты. Қа­тысушылар Қытай, Түр­кия, Өзбекстан, Израиль, Әзербайжан, Ресей және Беларусь елдерінен келді. Сондай-ақ қатысушылар арасында республикалық жетекші медициналық ұйымдар, оның ішінде JCI (Joint Commission International) халықаралық сапа сертификатымен аккредиттелген мекемелер бар.

Елорда • 04 Шілде, 2023

Шаһардың экономикалық қуаты

Астана қаласының эконо­ми­калық белсенділігі күн­нен-күнге жанданып, дамып келеді. Жыл басын­дағы мәлімет бойынша, елорда шетел инвестициясын тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Қаланың негізгі капиталына са­лынған жылдық инвестиция көлемі 1,4 трлн теңге болыпты.

Сауда • 04 Шілде, 2023

Сауданы ұлғайтудың мүмкіндіктері

Варшавада өткен Қазақстан-Польша экономикалық форумы алаңында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Былтыр өзара тауар айналымы 1,4 млрд доллар болған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 79,2%-ға (0,8 млрд долларға) жоғары. Қазақстаннан Польшаға экспорт 2022 жылы 99,4%-ға өсіп, 770,8 млн долларды құраса, Польшадан елімізге импорт 2022 жылы 58,2%-ға өсіп, 587,5 млн долларға жеткен.

Экономика • 30 Маусым, 2023

Өтелген кәсіпорын шығыны

«QazIndustry» отандық индустрия және экспорт орталығы «Astana Ceramic» компаниясына өндіріс үдерісін үнемдеуге сеп­тесетін элементтерді енгізуге жұмсалған шығындардың 30%-ын өтеуге қолғабыс етті. Аталған компания жапондық Kaizen философиясын тиімді қолданудың арқасында керамикалық кірпіштің өндірісін 15%-ға ұлғайтып, жұмыс өнімділігін арттыра түскен.

Несие • 27 Маусым, 2023

Ғұмыры келте автонесие

Бір ай бұрын ғана жылдық 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіреміз, кем-кетігін түзейміз деген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев өз ойынан қайта айнып шыға келген сыңайлы. Сала басшысының айтуынша, револьверлік негізде жиналған 100 млрд теңге қаражат енді қоғамдық транспортты сатып алуға бағытталады.

Несие • 22 Маусым, 2023

Автобусқа арналған автонесие

Жылдық 4 пайыздық ­мөл­­шерлемемен беріле­тін же­ңілдетілген автонесие бағ­дарламасының сипаты ­ауысты. Енді аталған бағ­­дарлама аясында қо­ғам­дық көліктерді сатып алуға несие беріледі. Қа­зірге дейін револьверлік жүйе бойын­ша жиналған 100 млрд теңге қаражат қо­ғамдық көлікті сатып алуға жұмсалмақ.