Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Қаржы • 23 Маусым, 2022

«Бәйтерекке» Сбер не үшін керек?

АҚШ тарапынан қатаң санкцияға ұшырап, кор­респонденттік шоттары мен шетелдік банктегі активтері бұғатталып, доллар, еуро және фунт стерлингпен операция жасау мүмкіндігінен айырылған ресейлік еншілес банктердің тағдыры біртіндеп шешіліп келе жатыр. Ең жылдам реттелген процесс – «Банк ЦентрКредит» пен «Альфа-Банк» мәселесі болды.

Экономика • 22 Маусым, 2022

Есепсіз рубльден қалай құтыламыз?

Еліміздің ең басты сауда серіктесі – Ресей. Әлбетте, сатарымыздан сатып аларымыз көп. Яғни сауда қатынасы біз үшін теріс сальдоға ие. Сосын да рубльдің мысы басым. Ол асқақтаса асқақтап, құлдыраса, бірге жер сүземіз.

Қаржы • 21 Маусым, 2022

Несие төлей алмағанда не істеу керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр мамыр айында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толық­тырулар енгізген еді. Соның ішінде кредиттік ұйымдардың қарыз алушы-жеке тұлғалар­дың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режімі де бар. Енді мерзімі өт­кен берешегі бар қарыз алушы жеке тұлғалар өз кредиттерін немесе микрокредиттерін қай­та құрылымдау мәселелерін құқықтық өріс шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарауға міндеттелген кредиторлармен тікелей шеше алады.

Қазақстан • 21 Маусым, 2022

КТК: Құбыр қожайындарының қулығы ма?

Екі-үш ай бұрын біраз қиындықты еңсеріп, қалыпты жұмысына енді кірісе бастаған Каспий құбыр консорциумы (КҚК) тағы да үзіліс жасауға мәжбүр болып отыр. Ресми дерек бойынша КҚК-дегі 1-ші және 2-ші айлақтық құрылғылардың жұмысы тоқтап қалды. Тиісті тараптың уәжіне қарағанда, енді теңіз табанынан Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан қалған жарылғыш заттар табылып жатқан көрінеді. Ресей БАҚ-тары таратқан ақпаратта КҚК-дегі мұнай тиейтін құрылғылар жанындағы акваторияда 50 потенциалды қауіпті нысан анықталғаны айтылады.

Экономика • 20 Маусым, 2022

Газ бағасы қайта қымбаттай ма?

Бір жылдан соң елде газ тапшылығы туындауы мүмкін. Соған байла­ныс­ты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл түрде экспортқа кетіп жатқан газдың басын қайырып, ішкі нарыққа бағыттауды тапсырды.

Экономика • 17 Маусым, 2022

Жаһандық экономика құлдырау алдында тұр

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігінің бағалауынша, 2022 жылы жаһан экономикасының өсімі наурызда күтілген 3,5 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендейді. Бәріне кінәлі – инфляция.

Экономика • 17 Маусым, 2022

Автокөлік импорты күрт азайды

Жыл басынан бері қазақстандықтар 40 мың жаңа автокөлік сатып алыпты. Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, мамыр айында отандық дилерлер 8 295 жеңіл көлік пен коммерциялық техника сатқан. Ал 2022 жылдың бес айында ел тұрғындары 39 987 көлік сатып алған. Оның ішінде жеңіл көлік те, жүк көлігі де, автобус та бар. Бұл тұрғыдағы цифр алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10 пайызға төмен.

Экономика • 15 Маусым, 2022

Шикізаттық емес экспорттың көлемі өсті

2021 жылы елімізде тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі жоспарланған 32 млрд доллардың орнына 25,6 млрд долларды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 25,4 пайызға көбейген. Оның 19,8 млрд доллары өңделген тауарлар экспортына тиесілі болса, 5,8 млрд доллары қызметтер экспортына жатады.

Экономика • 15 Маусым, 2022

Отандық сауда желілері

Геосаяси дағдарыс экспорт пен импортқа, одан әрі сауда нүктелеріндегі тауар тапшылығы мен баға саясатына да тым қатты әсер етіп жатыр. Көзге үйреншікті болған кей тауардың сөрелерден жоғалып кеткенін, ал біразының бағасы біршама өзгергенін байқауға болады. Отандық сауда желілері өкілдерінің айтуынша, айналада болып жатқан геосаяси белгісіздік, сыртқы нарық қысымы тауар ассортиментіне де өзгерістер алып келді.

Экономика • 15 Маусым, 2022

Электронды сауданың дамуы қарқынды

Электронды коммерция нарығының даму қарқыны қазір триллиондаған теңгелермен өлшене бастады. Былтырғы қорытынды бойынша онлайн-сау­да нарығының айналымы 1 трлн теңгеден асты. Екі жыл бұрын ғана айналым 327 млрд болғанын ескерсек, 24 айдың ішінде нарықтың айтарлықтай ұлғайғанын байқаймыз. Бұл тұтынушы үшін де, бизнес иесі үшін де тиімді болып тұр. Екі жақтың да шығыны қысқарады, сәйкесінше уақыты мен энергиясы үнемделеді.