Саясат • 11 Сәуір, 2026
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен және еліміздің зиялы қауым өкілдерімен бірге Өзбекстанға барды. Сапар аясында ол Самарқанд қаласында өткен Қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумында сөз сөйледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесуде көпжақты өзара іс-қимыл мен өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері әңгімеге арқау болды.
Заң мен Тәртіп • 31 Наурыз, 2026
Активтерді қайтару мен оларды басқарудың тәжірибелік ара-жігі қалай ажыратылады? Электрондық аукциондардың ашықтығын кім бақылайды? Қай мүлік түрі ең күрделі шешімді талап етеді? Бұл жұмыстардың нәтижелері жөнінде қоғам қаншалықты хабардар? Осы мәселелерге қатысты сұрақтарды Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек МҰҚАШҚА қойған едік.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жасалған. Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағдарысын бастан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архитектурасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2026
Ерлан Қошанов: Халқымыз тарихи таңдауын жасады
– Құрметті Ерлан Жақанұлы, «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттеріне сұхбат беруге уақыт тапқаныңызға ризашылық білдіреміз.
Пікір • 18 Наурыз, 2026
Жиырма жылдан бері «The New York Times»-қа баған жазып жүрген америкалық публицист Дэвид Брукстың «The Road to Character» – «Мінезге апаратын жол» атты кітабы бар. Зерттеу еңбегінде журналист кез келген адамда екі түрлі қасиет болатынын айтады. Біріншісі – түйіндемеге жазылатын, екіншісі – жаназа үстінде айтылатын қасиет. Мәселе – қайсысының аз-кемдігінде. Сұрақ – қазір қоғам қай қасиетті көбірек бағалайды?
Саясат • 14 Наурыз, 2026
Басты ұстаным – ұлттық заңнама мен халықаралық норма
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасына байланысты референдумның өту барысын бақылау үшін Қазақстанға келген Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясының байқаушыларымен кездесті.
Кино • 13 Наурыз, 2026
«Ерекше» – қайсарлық хақындағы туынды
Кеше елордадағы «Kinopark» кинотеатрында «Ерекше» көркем фильмінің премьерасы өтті. Бұл картинада мұқалмас жігер мен шексіз мейірім туралы тағылымды оқиға баяндалады.
Саясат • 11 Наурыз, 2026
Жаңа Ата заң – сын-қатерлерге берілген жауап
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір жұртшылығымен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау маңызды
Кеше бочча спортынан еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир мәресіне жетті. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанадағы жаңа Инклюзивті спорт орталығында өтті.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Әйелдердің экономикалық белсенділігі маңызды
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара конституциялық реформа аясында елдегі гендерлік күн тәртібіне арналды.