Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
440 материал табылды

Қоғам • 12 Маусым, 2023

Баж салығы төленбейтін көлік

Электромобильді дәуір есігімізді қағып тұрғаны анық. Қазірдің өзінде еліміздің бас қаласы мен Алматы секілді ірі қала көшелерінен электромобильді көліктердің жүйткіп жүргенін көзіміз көріп жүр. Таяуда «Sony» компаниясы «Afeela» деген электромобиль шығарып, өнімін жұртшылыққа таныстырғанда, сарапшылар «Қазіргі заманның шекарасы жоқ, себебі көлік жасаушылар гаджет, ал гаджет жасаушылар көлік шығара беретін дәуірде өмір сүріп жатырмыз», деген еді.

Қылмыс • 07 Маусым, 2023

Киберқылмыс құрықталмай тұр

Киберқылмыс – еліміздегі алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын бұл қылмыстың түрі де қарқын алып, айла-тәсілі де түрленіп келеді. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы телефон және интернет алаяқтары ел тұрғындарын 15 миллиардтан астам теңгеге шығынға батырып кеткен. ІІМ-ге қарасты Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, киберқылмыс, соның ішінде интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтық деректерді әшкерелеу біліктілікті қажет етеді.

Саясат • 05 Маусым, 2023

Мысырдағы жаңғырған Бейбарыс сұлтан мешіті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырда Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиын барысында Палата спикерімен бірге Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, дін өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан мен Мысырдың мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Пікір • 04 Маусым, 2023

Қой мен ой

Өткен айда ұлттық киноның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген бір топ киногер «Алматы» қонақүйінің алдына жиналып, салаға қатысты пікірлерін білдірді. Дау «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» биыл наурыз айында өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына қатысты туындаған. Ұлттық өнердің өткір мәселелерін көтерген аза­мат­тар «Мәдениет шенеуніктері қазақ ки­носын өлтірумен айналысып жатыр» деп дабыл қақты.

Қоғам • 01 Маусым, 2023

Боччадан ел чемпионаты

Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының прези­денті Мәулен Әшімбаев пара­лимпиадалық боччадан рес­публика чемпионатының ашылу салтанатына қатыс­ты. Халықаралық балалар­ды қорғау күніне орай ұйымдас­тырылған сайысқа еліміздің өңірлерінен мүгедектігі бар 50-ге жуық спортшы келді.

Музей • 31 Мамыр, 2023

«Алжир» мұражай кешеніне тарту

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Тұңғыш Президент кітапханасы мен Президент Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітабы «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне тапсырылды.

Қазақстан • 25 Мамыр, 2023

«Nick Jr» қазақша сөйлейді

2021 жылдан бері шетелдік әйгілі балалар телеарналары – «Nickelodeon», «TiJi» және «Дисней»-дің өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асырыла бастағаны белгілі. Енді бұл қатарға «Nick Jr» арнасы да қосылатын болды.

Үкімет • 23 Мамыр, 2023

Өңірді өркендетудің өзектілігі

Парламент Сенатында Мәулен Әшімбаев Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесті өткізді. Басқосу барысында сенаторлар мен мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Қоғам • 22 Мамыр, 2023

Жер мәселесі – елдіктің мәселесі

Жер мәселесі – халықтың ең жанды жері. Сол себепті де ел жанды жеріне тиетін кез келген сұраққа сергек қарайды. Жақында әлеуметтік желіде «Қытай сайттарында қазақтың жері арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр» деген жазба пайда болды. Бұл хабарламаны естіген жұрт наразылық білдіріп, құзырлы органнан ресми жауап беруін талап еткен еді.

Сұхбат • 18 Мамыр, 2023

Оразкүл Асанғазы, қоғам қайраткері: Ізденіс адамды қартайтпайды

«Жансарайдың» кезекті қонағы – қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл АСАНҒАЗЫ мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында әлі де еңбек етіп келеді. Оған сұхбат барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік. «Біздің ең басты трагедиямыз – тарихымызды білмедік», деген кейіпкеріміз соңғы бір аптада 300-ден астам мемлекеттік қызметшіге «Тіл құбылысының ұлттық мазмұны мен мемлекеттік мәртебесі» тақырыбында дәріс өткізген. «Сол 300-дің ең құрығанда 30-ының жүрегіне сөзім жетсе, бұл – мен үшін жеңіс», дейді өзі.