Пікір • 22 Тамыз, 2024
Еңгезердей жігіт әке-шешесіне балмұздақ әкеліп береді. Алпыстың айналасындағы ата-анасы әлгіні жей бастағанда түрлері бұзылып, тыжырына түседі. Сөйтсе, ұлдарының балмұздақ деп ұсынғаны құрылыста пайдаланатын ақ желім екен. Әке-шешесін алдағанын алдын ала қосып кеткен ұялы телефонына түсіріп алған әлгі әумесер «Бұл пранк болатын!» деп ыржалаңдап тұр...
Жоба • 17 Тамыз, 2024
Акселератор – орнықты дамудың тиімді тетігі
Астанада БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында жұмысын бастаған Акселератордың «SDG IMPACT REPORT 2024» жария есебі көпшілікке таныстырылды. Бұл – Сенаттың Жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен бастамасы.
«Таза Қазақстан» • 16 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстаннан» бастау алған «Таза бейсенбі»
«Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасып келеді. Киелі орындарды сақтауды мақсат тұтқан акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жаздың басында басталған еді.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Бірде жұмыс барысымен елордаға Ташкенттің халықаралық әуежайынан ұшуға тура келді. Бақылау бекетінен кең залға өткенде алдымыздан өзбек халқының сан түрлі дәмі самсап тұрған ашық дүкен шықты. Дүкеннің қақ ортасында үлкен ағаш себетте үйіліп тұрған өзбектің наны көзге бірден түседі екен. Жаңа піскендей иісін айтсаңызшы. Мұрынды жарып барады. Күту залына өтіп бара жатқан шетелдік жолаушылар әлгі жерге еріксіз бұрылды.
Саясат • 05 Шілде, 2024
Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды
Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақтымқұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Елдік мүдде және баспасөз беделі
Ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералин басылымның алғашқы санында: «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді» деп жазса, «Қазақ» газетінің ұлтты ағарту мен ұйыстыру бағытындағы тарихи міндетін Ахмет Байтұрсынұлы: «Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек!» деп айқындап берді.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
«Taldau talks» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда ОДМ-ның бес негізгі мақсатына арналған жинақ көпшілікке таныстырылды. Аталған еңбекті Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші кезеңінің түлектері бірлесіп әзірледі.
Президент • 28 Маусым, 2024
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді
28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиынға республикалық және өңірлік жетекші газет-журналдардың, телеарналардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты. БАҚ саласын кәсіби мерекесімен құттықтап, журналистиканың мәртебелі мамандық екенін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің де, журналистің де ұлт үшін қызмет ететінін, ел тағдырына бірлесе жауапты екенін атап өтті.
Президент • 14 Маусым, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Үкімет мүшелері, Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, ұлттық компаниялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, туризм секторындағы бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
Әлем • 07 Маусым, 2024
Жаңашыл түркі медиа платформасы – ортақ қажеттілік
Баспасөз хатшысы қызметінің тамырына қан жүгірту үшін қандай кәсіби біліктілік қажет? Билік, халық пен журналистка – осы үш тағанды байланыстыратын ортақ құндылықтар қандай? Үшеуінің арасында ақпараттық дәнекер болудың маңыздылығы неде? Технология қарыштап дамып, әлемдік сын-қатерлер күн санап асқынып бара жатқанда бұл қызметтің ауыртпалығы неде, жауапкершілігі қандай? Өзбекстан астанасы Ташкентте бас қосып, осы және өзге де өзекті мәселені кеңінен талқылаған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің министрліктері мен ведомстволарының баспасөз хатшылары қазіргі заманғы медиа кеңістікте ақпарат берудегі жасанды интеллектінің әлеуетін сарапқа салып, әлеуметтік желі платформаларының жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды. Аталған жиынға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір топ әріптестеріміз қатысып қайтты.