Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
440 материал табылды

Саясат • 04 Наурыз, 2024

Талдау мектебі: Үшінші кезең

Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды. Осыған орай қатысушылар жұмыстарын қорытындылап, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге арналған 13 баяндаманы көпшілікке таныстырды.

Саясат • 01 Наурыз, 2024

Заң тілі қашан жүйеленеді?

Біз егемен еліміздің кәсіби парламентаризмінің жаңа кезеңі 1995 жылдан бас­тау алады дегенді жиі айтамыз. Бұл жайында жазылған тарихи публицистика да, мемуарлық кітаптар да жетіп артылады. Өзгеріссіз қалатын тағы бір тарихи шындық бар. Ол – тәуелсіздік алған 33 жыл ішінде екі-ақ заңымыздың (Оның бірі – «Халықтың көші-қоны туралы», екіншісі – «Бала құқықтары туралы» заңдар) қазақ тілінде жазылғаны. Ал алдымен ресми тілде әзірленіп, артынан қазақшаға аударылатын қазіргі заңдардың сапасына талай жылдан бері тағылып келе жатқан сынды жұрт жақсы біледі.

Үкімет • 28 Ақпан, 2024

Заманауи мектеп – жаңашыл қоғамның баспалдағы

Кеше Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлт­тық мүдде» диалог алаңының «Заманауи ұлттық мектеп – жаңа қоғам қалыптастыру жолы» тақы­рыбына арналған отырысы өтті. Іс-шара барысында білім беру, мәдениет, өнер саласының мамандары, сарапшылар, ғалымдар және сенаторлар ұлттық білім беру жүйесінің даму үрдісін талқылап, осы бағытты реформалау жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Пікір • 26 Ақпан, 2024

Мәнсіз мәтін

Қазақтың талантты әншісі Рамазан Стамғазиев орындайтын «Дариға, дәу­рен» әнінің сөзін жазған ақын Несіпбек Айтұлының: «Мен – әнге сөз жазуға қорқа-қорқа келген адаммын. Себебі әннің сөзі өте кірпияз. Бір мысқал артық не кем кетуге болмайды. Оған нысананы көз­деген­дей дәлдік керек. Демек, шебердің шебері ғана баратын іс», дегені бар еді. Абай атамыз айтқандай, «Әннің де естісі бар, есері бар». Өкініштісі, қазір ессіз, мәнсіз, мағынасыз ән көбейді. Ой салатын, жүрекке жететін, сөзі мен сазы қабысып, әдемі үйлесім тапқан ән тыңдау арманға айналып барады...

Қоғам • 08 Ақпан, 2024

«Қарызсыз қоғамды» қалай құрамыз?

Халықтың шамадан тыс несие алуы – көкейкесті мәселе. Миллиондаған адам көмек пен қолдауға зәру. Мамандардың айтуынша, еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 15%-дан көбінде 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар.

Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Инватакси: Саны мен сапасы қандай?

Елордада ерекше қажеттілігі бар 2,5 мыңға жуық адам тұрады. Соған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ. Әсіресе қоғамдық көлік пен инватаксиге қолжетімділік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселе «Amanat» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында өткен дөңгелек үстелде көтерілді.

Сұхбат • 29 Қаңтар, 2024

Берік Асылов: Инвестициялық жобаларды қорғау – маңызды міндет

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырма беріп келеді. Әділ және бәсекелі экономиканың басты талабы – заңдылықтың сақталуы. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстардың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән беріліп отыр. Инвестицияны қорғау қалай жүзеге асырылады? Олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының, атап айтқанда, прокуратураның жаңа рөлі қандай? Осы мәселеге қатысты еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа бірқатар сұрақ қойған едік.

Саясат • 26 Қаңтар, 2024

Заңсыз активтерді қайтару амалдары

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, БАӘ Әділет министрі Абдулла бин Сұлтан бин Ауад әл-Нуаймимен және осы елдің Бас прокуроры Хамад Сейф әл-Шамсимен кездесулер өткізді.

Пікір • 25 Қаңтар, 2024

Шетелге кетемін...

Кейінгі жылдары айналамызда – туған-туыс, дос-жаран, әріптестер мен құрбы-құрдастар арасында шетелге кету, уақытша жұмысқа тұрып, ақша табу, тіпті біржола қоныс аудару туралы әңгімелер жиі айтылып жүр. Шыны керек, бұл ұсынысты құр талқылап қана қоймай, тәуекелге бел буып, шетел асып кеткендері де аз емес.

Президент • 23 Қаңтар, 2024

Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты.