Президент • 22 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бірлігіміз – әралуандықта
Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарымен барды. Кездесуде Қазақстан Президенті адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраткерлігі мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
Талдау мектебінің үшінші кезеңі
Елордада Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бұл бастамасына Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдіріп, тәжірибесімен бөлісті. Қоғамдық жоба барысында қатысушыларға еліміздің және шетелдік белгілі сарапшылар да дәріс оқиды.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2023
Үнқатысу алаңында – жас қызметкерлер
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата аппаратының жас қызметкерлерімен кездесті. Диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар Мемлекет басшысының жастарды қолдауға арналған тапсырмаларын іске асыру барысын талқылап, заң шығару қызметі мен аппарат жұмысын жетілдіруге қатысты идеяларымен бөлісті.
Президент • 27 Желтоқсан, 2023
Ынтымақтастық пен ықпалдастық үдерісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Президент • 26 Желтоқсан, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Тауардың еркін қозғалысына тың серпін керек
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Саясат • 14 Желтоқсан, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бухарестке екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен келіп, Румынияның Сыртқы істер министрі Луминица Одобескумен келіссөздер өткізді.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық осы спорт түрінен алғаш рет өткізілген Қазақстан Кубогі жолындағы жарыстың ашылу рәсіміне қатысты. Сайыста еліміздің 10 өңірінен келген 11-14 жас аралығындағы 64 жасөспірім бақ сынады. Олардың қатарында дебютанттар да бар екенін атап өткен жөн.
Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін жетілдіру – қоғамның әділ талабы
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Мемлекет басшысы жариялаған сот реформасының жүзеге асырылу барысы қалай? Сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін халық сезіне алды ма? Сот жүйесін дамыту бағытында қолға алынған заңнамалық бастамалар мен ұзақмерзімді міндеттер қалай орындалып келеді? Біз салаға қатысты қоғамда талқыланып жүрген осы және өзге де сұрақтарды Жоғарғы сот төрағасы лауазымына тағайындалғанына бір жыл болған Асламбек Мерғалиевке қойған едік.
Сенат • 27 Қараша, 2023
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың маңызы
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі алғашқы құрылтайына қатысты. Жиында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен келген қатысушылар аталған бағыттың даму перспективаларын талқылап, әлеуметтік жобалар мен өндірістерді одан әрі қолдауға қатысты өз ұсыныстарын айтты.
Форум • 20 Қараша, 2023
Жастар форумы: Ұрпақтар сабақтастығы
Қырғызстанға сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Қазақ-қырғыз жастары форумының ашылуына қатысты.