Саясат • 09 Қазан, 2022
Халық коалициясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына барлық қажетті құжаттарды тапсырды.
Қазақстан • 07 Қазан, 2022
Ашықтықты арттыратын игі істер
Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Аналар жүрегі» cарбаздар аналары комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Хайруллинамен кездесті.
Қазақстан • 07 Қазан, 2022
Құқық үстемдігі – келісім кепілі
Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Индонезияда КСДК Хатшылығы мен Индонезия Конституциялық соты ұйымдастырған «Конституциялық сот төрелігі және бейбітшілік» тақырыбындағы Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның 5-конгресіне қатысты.
Қазақстан • 06 Қазан, 2022
Tax Justice network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар шығарылған. Ал Ұлттық экономика министрлігінің есебінше, 30 жылда елімізден 100 миллиард доллар шетел асқан. Ұлттық банктің деректерінен 2010-2021 жылдар аралығында, яғни 11 жылда 53,4 миллиард доллар қаржының сыртқа кеткенін көруге болады. Бұл ақша бүкіл Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімімен тепе-тең және еліміздің сыртқы қарызымен пара-пар. Бұл – 30 жыл бойы мұнайдан түскен табыстан 2-3 есе көп қаржы.
Саясат • 06 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясы 5-7 қазан аралығында Электоралдық оқыту орталығының базасында елімізде тіркелген саяси партиялардың өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теориясы мен тәжірибесі» атты оқыту курсын өткізіп жатыр.
Қоғам • 03 Қазан, 2022
Жақында шымкенттік полиция қызметкерлері құрамында 11 мүшесі бар ұйымдасқан топтың қылмысын әшкереледі. Бұл топ біраз уақыттан бері Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында адам сатумен айналысқан. Ең сорақысы, қылмыстық топ «жыныстық құлдыққа» жегу үшін кәмелетке толмаған жеткіншектерді де аяусыз саудаға салып келген.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2022
Жолдауда көтерілген үлкен мәселенің бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Президент құжатта бұл секторды дамыту еліміздегі басты проблеманың бірі деп атап көрсетті. Ауыл шаруашылығындағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні тағы белгілі.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2022
Кавказ бен Орталық Азия елдерінің өкілдері Кореяның цифрландыру саласымен танысты
Орталық Азия және Кавказ жеті елінің мемлекеттік органдарының жиырмадан астам өкілі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы озық тәжірибе, саясат және технологиялармен танысу мақсатында Корея Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2022
«Қазақстан темір жолы»: Қайта құрылымдау қалай жүргізіледі?
«Қазақстан темір жолы» компаниясын транзиттік-логистикалық корпорация ретінде қайта құрылымдау. Өңірлердегі жолдардың сапасын арттыру. Автожол құрылысына ерекше мән беру. Бұл міндеттер – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке жүктеген басты тапсырмаларының бірсыпырасы.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022
Неміс экономисі Эрнст Энгельдің XIX ғасырда енгізіп кеткен теориясы ХХІ ғасырда өзге елде емес, өз жерімізде практикада көрініп жүр. Яғни күнделікті тіршілікте. Энгель заңын қарапайым тілмен түсіндірсек, «Отбасы неғұрлым кедей болса, оның жалпы шығындарының үлесі соғұрлым көп болады». Сәйкесінше, «ел неғұрлым бай болса, азық-түлік үлесі соғұрлым аз болады».