Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
«Қасіретті қаңтар»: 728 адам қамауда отыр
«Әлеуметтік желілерді шарлап кеткен «Алматыда ортағасырлық үлгідегі жазалауға арналған «азаптау камералары» жасақталып жатыр» деген ақпараттар жалған. Мұндай болған емес, болмайды да!» Бұл жөнінде ІІМ-де өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
Әрбір қылмыстық іс – бақылауда
Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов пен ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаралы қаңтар оқиғалары кезінде жасалған қылмыстарды тергеу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау іс-шараларына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2022
Қарулы күштердегі жемқорлық ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді
Ел Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте жемқорлықтан таза қоғам қалыптастырудың алғышарттары туралы айта келіп: «Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз», деді.
Руханият • 16 Ақпан, 2022
Естеріңізде ме, жаңажылдық «Әзіл әлемінде» шоумен Тұрсынбек Қабатов Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямованың қарапайымдылығын қалжыңмен қағытып өтемін деп көптің сынына қалды емес пе? Актрисаның сыртқы түр-келбеті мен киімін «Бауырсақ пісіріп тұрып келе салған сияқтысыз» деген қарадүрсін сөздермен қағытып өткен Қабатовтың қалжыңы көрерменнің көңіліне қаяу түсірген еді.
Қоғам • 16 Ақпан, 2022
Интернет алаяқтық асқынып барады
Өткен жылы елімізде интернет алаяқтыққа қатысты 41 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелсе, биыл қаңтар айында ғана 2,5 мыңға жуық оқиға тіркелген.
Қоғам • 14 Ақпан, 2022
Мемлекеттік тілді менсінбеу неден басталады?
Әлеуметтік желілерде жазылып жүрген мәселе көп. Алайда жұрт тіл тағдырына қатысты жазбадан бейжай өтіп кетпейді, онда көтерілген мәселеге жүрдім-бардым қарамайды. Осыдан-ақ отызжылдық тәуелсіздігімізде мемлекеттік тіліміздің тұғырын тіктей алмағанымыз көптің жанына бататынын аңғаруға болады...
Қоғам • 14 Ақпан, 2022
Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған «Аманат» тәуелсіз комиссиясы еліміздің 6 өңірінде жұмыс істеп, тергеу изоляторында отырған 85 адамды қамаудан шығаруға мұрындық болды. Бостандыққа шыққандардың 12-сі кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек болса, екеуі әйел. Бұл жөнінде елордада өткен брифинг барысында комиссия мүшелері – заңгерлер Абзал Құспан, Мәди Мырзағараев пен Уайс Ерсайынұлы мәлімдеді.
Қаржы • 11 Ақпан, 2022
Қаржы пирамидасының «жұлдыздары» ұсталды
Қазақстандық үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікпен ұсталды. Тергеуге алынғандар – көптің көзайымына айналып үлгерген вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Мейірхан Шерниязов пен Азимжан Саидбаев.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2022
Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалғандар жоқ
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров пен ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов брифинг өткізді.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2022
Сот үкімін орындау мақсатында қамауға алынды
Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша істі болып, сырттай сотты болған белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаевтың қолына кісен салынды. Алматы қаласының прокуратурасы берген мәліметке сенсек, ол Киевтен ұшып келген сәтінде Алматы халықаралық әуежайында қолға түскен. Қазіргі таңда сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды.