Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
358 материал табылды

Қазақстан • 21 Қараша, 2022

Қайраткер тұлға

Елімізде тұрақтылық пен ішкі-сыртқы қа­уіп­сіздікті, бірлікті бекемдеу ісінде айрықша орны бар Қазақ­стан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті­нің құ­рылғанына биыл 30 жыл толды. Ел тә­уелсіздігімен бірге қай­та жасақталған қа­уі­п­сіздік органының осынау белесі қалыптасу мен тұ­рақты даму кезеңі ретінде айшық­талды.

Қоғам • 16 Қараша, 2022

Құмарлық түбі – құрдым

Жыл басынан бері Ақтөбе өңірінде есірткі салдарынан 8 адам ажал құшқан. Облыс прокурорының көмекшісі Ө.Ещанов­тың хабарлауынша, өткен жылы дәл осындай себеппен қайтыс бол­­ғандар саны алтау болған екен. Ал биыл есірткінің иньекциялық артық дозалануынан қайтыс болған адамдар саны 25 пайызға өсіп отыр.

Қоғам • 16 Қараша, 2022

Әскерден қайтқан сарбаздар

Астана теміржол вокзалында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап, еліміз бен Қарулы Күштердің тулары желбіреп, күздің қара суығын сездірмей тұр. Жақында теміржол вокзалында әскерден қайтқан астаналық сарбаздарды қарсы алу іс-шарасы тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Қазақстан • 16 Қараша, 2022

Ерекше театрдың жетістігі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Sensitive би театрының әртіс­тер­і­мен және Ereksheteatr жобасына қатысушылармен кездесті. Бұл ұжым­дардың құрамында негізінен Солтүстік Қазақстан облысын­дағы есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен түлектері өнер көрсетеді.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Сайлау кезеңінде сауалнаманы кімдер жүргізе алады?

Сайлау қарсаңында заңсыз сауалнама жүргізген жеке тұлғаларға қатысты 2 бұзушылық дерегі тіркеліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл жөнінде хабарлаған Бас прокуратура сауал салуды жүргізудің негіздері мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-бабымен бекітілгенін еске салды.

Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Ел қорғаны

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерімен және курсанттарымен кездесу өткізді.

Қоғам • 08 Қараша, 2022

Тамыры терең көршілік

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығының 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды. Игі бастама Қазақстан Республикасының Қырғыз еліндегі елшілігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің қол­дауымен әрі Отандастар қо­ры­ның ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Қазынаға қайтарылған қаржы

Құны 230 млн доллар болатын зергерлік бұйымдар мен асыл тас­тар. 140 мың гектардан астам жер. 400 млн дол­лар қаржы, 300 млн доллар­дың бағалы қағаздары. Мемле­кет меншігіне өткен Атырау облы­сындағы газ өңдеу зауыты мен Астанадағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты. Заңсыз жекешелендірілген «Барыс» пен «Ша­пағат» базарлары. Осының барлығы – 630 млрд теңге. Бұл – мем­лекетке өтелген залал мен қай­тарылған активтердің құны. Бас­қаша айтар болсақ, бұл осыдан бес ай бұрын жасақталып, жұмы­сына кіріскен Активтерді қай­та­ру жөніндегі комиссия қыз­ме­ті­нің ал­ғаш­қы көрсеткішінің бір­сы­­пырасы.

Сұхбат • 03 Қараша, 2022

Берік Асылов: Комиссияның көздегені – заңсыз капиталды елге қайтару

«Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет». Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы кезінде айтқан болатын. Жақында комиссия құрылғалы бері атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады. Құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіретін комиссия бес айдан бері жұмыс істеп келеді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, осы уақыт ішінде елге кем дегенде 630 млрд теңге қайтарылған. Бұл қомақты капиталдың артында қандай жұмыс тұр? Қайтарылған қаржы кімдерге тиесілі болған? Бұған дейін нормативтік актілер кімнің пайдасына шешіліп келген? Алдағы уақытта комиссия қанша уақыт жұмыс істейді? Шыны керек, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның қызметіне қатысты бұл сұрақтар мен мәселелер бүкіл қоғамды қызықтырады. Халықтың жіті назарында тұрған осы сауалдарды біз ведомствоаралық комиссия басшысы, Бас прокурор Берік АСЫЛОВҚА қойған едік.

Білім • 02 Қараша, 2022

Білімнің тірегі – Алаш өсиеті

«Біз – Алаштың ұрпағы». Елордадағы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназияда өткен танымдық кездесу сабағының тақырыбы осылай аталады. Алаш қайраткерлерінің идеяларын қазық етіп алған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының негізінде өткен сабаққа М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы, №72 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысты.