Ауа райы • 15 Қараша, 2023
Елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады
Синоптиктер 16-18 қараша күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті
9-10 қараша күндері Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қараша, 2023
Си Цзиньпин мен Джо Байден келіссөздер жүргізеді
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммитіне (АТЭС) қатысу үшін Калифорния штаты, Сан-Францискоға барды, деп жазады Egemen.kz XInhua ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Теңге • 15 Қараша, 2023
Сақ стиліндегі жаңа банкноталар айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қараша, 2023
Денсаулыққа зиян өндірісте жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлем жасалады
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Қараша, 2023
Қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер ете ме? Министр жауап берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қараша, 2023
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер пен облыстарды Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өтті. Олардың ішінде салыстырмалы түрде бюджет қаражатын ең көп игере алмаған 4 министрлік пен 4 облыс бар, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 15 Қараша, 2023
Төл теңгеде бейнеленген тарихи тұлғалар
Бүгін − ұлттық валютамызға 30 жыл. Егемен елдің еңсесін биік ететін төл нышандарымыз секілді ұлттық валютамыздың да болуы заңды. Тәуелсіздік тұғырын нығайтып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді түзеген теңгеміздің айналымға түсуі маңызды қадам болды. Теңгесіз мемлекетаралық қатынас орнату, мемлекет ішінде қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz nationalbank.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Зейнетке шығарда еңбек кітапшасы талап етіле ме?
10 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардан зейнетке шығу кезінде еңбек кітапшасы талап етіле ме, жоқ па деген сауалға «Азаматтың жұмыс орны еңбек кітапшасын цифрландырса, ол еңбек базасында сақталады, мұндай жағдайда еңбек кітапшасы қажет емес» деген мәлімдеме жасаған болатын, деп жазады Egemen.kz