Қоғам • 25 Ақпан, 2022
Мемлекеттік қызметтер ақысын QR арқылы төледі
Былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.
Қоғам • 24 Ақпан, 2022
Цифрлы құжаттарды пайдалануға болады
EGov mobile қосымшасының «Цифрлы құжаттар» сервисінің нәтижесінде «Қазпошта» АҚ клиенттері енді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлы аналогы бойынша сәлемдемелерді қабылдап, жібере алады.
Мультимедиа • 24 Ақпан, 2022
Бизнес • 24 Ақпан, 2022
Арнаулы салық режімі: Салық есептілігін тапсыру және салық төлеу мерзімдері қандай?
Бизнестің жекелеген субъектілерін қолдау мақсатында Салық кодексімен арнаулы салық режімдері қарастырылған, онда салықтардың жекелеген түрлерін есептеудің және салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібі белгіленген. Мемлекеттік кірістер комитетінде әрбір салық режімінде салық есептілігін тапсырудың және салық төлеудің мерзімдері туралы айтылды.
Экономика • 23 Ақпан, 2022
2022 жылдың қаңтарында шетелдерге декларацияланбаған 1 086 618 долларды жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Экономика • 22 Ақпан, 2022
Украина шиеленісі теңгеге әсер ете ме?
Украина төңірегіндегі геосаяси шиеленістің ушығуы теңгеге қалай әсер еткені туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
ЭКСПО 2020 Dubai: Миллионыншы көрермен
Дүниежүзілік ЭКСПО 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны миллионыншы келушіні қарсы алды. Ол – Дубай қаласының 38 жасар тұрғыны, кәсіпкер Махмуд Әл Бурай.
Технология • 09 Ақпан, 2022
Жаңа технологиялар қаржы саласын да өзгертеді
Цифрлы революция бизнесті жүргізу ережелерін толығымен өзгертеді, ал артта қалғандарға икемді бәсекелестерге жету қиын болады. Жаңа технологиялар денсаулық сақтау мен ойын-сауықтан бастап, көлік пен өндіріске дейінгі барлық саладағы компанияларды өзгертеді. Технологияны демократияландыру серпілістің негізгі факторы болмақ. Бұлтты және мобильді технологиялар қазірдің өзінде бизнес-модельдерді түбегейлі өзгертті және стартаптарға көлеміне қарамастан барлық саланы жаулап алуға мүмкіндік берді, яғни бұрын-соңды болмаған технологиялық өзгерістер алыс емес. Жақын болашақта қаржы ұйымдарының қандай болатыны және жаңа технологиялар нарыққа қалай әсер ететіні туралы SunFinance Group өңірлік менеджері Виталий Нижегородцев әңгімелейді.
Технология • 09 Ақпан, 2022
Astana Hub IT өнімдерді жасауға үйретеді
Бағдарламалау дағдыларынсыз дайын өнімді құру, бизнес-модельді көп шығынсыз сынау, стартапты бірнеше есе жылдам іске қосу және әзірлеушілердің көмегінсіз жасау әбден мүмкін. 1 мыңнан астам адам мұны Astana Hub-тың бағдарламалаусыз IT өнімдерін жасау курсының көмегімен үйренді. Жақында елордалық технопарк No Code бағдарламасының төртінші легіне өтінімдер қабылдауды жариялады.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
Сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі байқалды
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректеріне сәйкес 2021 жылғы желтоқсанда Электрондық еңбек биржасында 88,7 мың бос жұмыс орны және 21,2 мың түйіндеме орналастырылған. Жалпы, жыл соңына қарай еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың қысқаруы байқалды. Мәселен, желтоқсан айында жарияланған бос жұмыс орындарының саны өткен аймен салыстырғанда 17%-ға, ал түйіндеме 40%-ға төмендеді.