Оқиға • 06 Қазан, 2020
Қазақстанда автобус паркі жаңартылуда
Талдау мәліметтеріне сай, Қазақстанда 12 мыңнан астам автобустың тозығы жеткен. Қоғамдық көлік сапасының ең нашар көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Алматы қаласы мен Алматы облысында да статистиканың көрсеткіші нашар, мұнда ауаның ластануының негізгі үлесі көлік шығарындыларына тиесілі, ал автобус парктері осыған дейін дизельді техника сатып алған.
Технология • 06 Қазан, 2020
«Монополист» базасы мүмкіндіктерді кеңейтеді
Цифрлы даму дәуірінде уақыт жаңа технологияларды ұстануды талап етеді. Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы барлық жаңалықтан қалыс қалмауға тырысатыны құпия емес. Бұл арада тариф белгілеуді бақылау сияқты мемлекеттік реттеудің әлеуметтік маңызы бар саласы да шетте қалып қоймасы анық.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Әлеуметтік медиация: Отбасылық жанжал балаға оңай тимейді
Әлемді әбігерге салған пандемия елімізге де кері ықпалын тигізбей қалған жоқ. Соның ішінде статистика бойынша карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық елімізде 20 пайызға артқан көрінеді. Жақын туыстар арасында да түсініспеушіліктер мен ұрыс-керістер күрт көбейген. Осындай жағдайда отбасылық жанжалдарды бейбіт түрде шешу үшін және балалардың психологиясына кері әсер бермеуі үшін Қазақстанда медиация институтының әлеуетін дұрыс пайдалану қажеттігі байқалды.
Медицина • 05 Қазан, 2020
Емханаға бекітілу бойынша 10 өзекті мәселе
Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жыл сайын емханаларға тіркелу науқаны өтеді. Бұл халыққа не береді, өтінімді қалай беру керек және қандай себеппен бас тартуы мүмкін. Сіздің барлық сұрағыңызға жауап бар.
Экономика • 02 Қазан, 2020
Шойын жолда жүк тасымалы артты
Жақында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «Қытай темір жолдары» директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфудың бейнеконференция форматындағы жүздесуінде екі ел арасындағы темір жолда жүк тасымалының оң қарқын көрсетіп отырғаны айтылды. Қазақстан мен ҚХР темір жол басшылары Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өтпелері арқылы тасымал көлемін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отырғанына тоқталды.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Өнеркәсіп саласын цифрландыруға назар аударды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өнеркәсіп саласын цифрландыруды талқылау аясында вице-министр Динара Щеглова «Цифр» компаниясының басшылығы және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының өкілдерімен кездесті.
Медицина • 30 Қыркүйек, 2020
Орфандық ауруға шалдыққан балалар емі бақылауда
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтық қоғам және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен орфандық ауруға шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі мәселелерді талқылады.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
QOLDA бағдарламасы көмек көрсетті
Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған QOLDA шұғыл көмек бағдарламасы биыл 23 сәуірде іске қосылып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көмек көрсету шараларына белсене атсалысты.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2020
21 млрд теңге жеміс бақтарын дамытуға бағытталды
«ҚазАгро» холдингі Аграрлық несие корпорациясының агроөнеркәсіп кешені, инвестициялық белсенділік бағытында ерекше орны бар. 2019 жылы компанияның даму стратегиясы ауылшаруашылық саласындағы инвестиция мен азық-түлік өндірісін молайту секілді екі маңызды қызмет түрімен толықтырылды.
Медицина • 29 Қыркүйек, 2020
«СҚ-Фармация» жұмыс тобының мүшелерімен кездесті
Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта «СҚ-Фармация» ЖШС қоғамдық жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. СҚ-Фармацияның бастамасымен өткен жүздесу дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды, мүмкіндіктер мен жүйелі мәселелерді, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктерін анықтауға арналды.