
Digital • 05 Қыркүйек, 2024
Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы
Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жатқан ғылымның күрделі саласының бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдерісін компьютерлік жүйеде модельдейтін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алынып жатқан мәселе болғанымен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференциясында шығып үлгерген. Нәтижесінде, жасанды интеллектіні игерген жасампаз мемлекеттер даму реттілігінде алғашқы орындарға орнығып алды.
Кино • 03 Қыркүйек, 2024
«Бауырына салу» – дәстүрге құрмет
Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығы» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдарда топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтің фильмі Аустрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды.
Театр • 03 Қыркүйек, 2024
Жастар театрының гастрольдік сапары
Ашылғанына небәрі алты ай болған Атырау жастар театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді. Конституция күні аясында өткен сапар барысында өнер ұжымы елордалық көрерменге Мұқанғали Томановтың авторлығы және режиссерлігімен «Жәннат», Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша дайындалған «Менің атым Қожа» қойылымын ұсынды.
Жәдігер • 03 Қыркүйек, 2024
Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіштегі далалық зерттеу жұмысын аяқтады. Нәтижесінде, қаңлы мәдениетіне қатысты біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жерде ғибадатхана мен екі қорған орналасқан.
Руханият • 29 Тамыз, 2024
Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.
Өнер • 28 Тамыз, 2024
Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.
Мәдениет • 26 Тамыз, 2024
ХVIII ғасырдың ортасында Аустрияның шағын ғана қалашығында ең ұлы музыкант дүниеге келді. Баланың дарыны ерте жастан байқалды. Оның небәрі бес жаста жазған симфониясы күллі Еуропаға қол соқтырды.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Сіз білесіз бе? Сақ патшайымы – Зарина
Грек тарихшысы Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді», деп жазба қалдырған. Сондай жауынгер әйелдердің бірі – Зарина. Ол – сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшысының әйелі, Роксанаки қаласының билеушісі. Бұл қала Сырдария жағалауында, кейіннен Сығанақ қаласының іргесі қаланған аймақта орналасқан.
Марапат • 23 Тамыз, 2024
Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Тасбақаға ғашық көбелек
Тасбақа да жылайды. Амазонканың тропикалық ормандарында өте қызық құбылыс кездеседі: көбелектер тасбақалардың көзінің жасын ішеді. Осылайша, қанатты жәндіктер ағзаларын қажетті минералдарға толтырады. Тасбақалар мен көбелектердің бұл байланысын Тамбопата ұлттық саябағындағы зерттеу орталығының қызметкері Фил Торрес түсіндіреді.