
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Домбыра туралы ән-жырларға құлақ тоссақ, аспаптың бүгінгі үлгісінің байырғы нұсқасынан айырмашылығы барын байқаймыз. Әсіресе перненің саны төңірегінде айтылар нұсқа көп. Кей жерде тоғыз перне десе, кей жерде жеті перне дейді. Ал дәл қазіргі домбыраның мойнына он тоғыз перне байланған.
Өнер • 04 Шілде, 2024
Ойын оюмен, сезімін суретпен жеткізу – адамзат санасының алып жетістігі. Рәміздік ойлау жүйесінің ерте заманнан қалыптасқанын ежелгі өркениет үлгілеріне қарап көз жеткіземіз. Астыртын ақпарат, құпия мәтіннің барлығы ұрпаққа көркем рәміздер арқылы тасымалданады. Бұл өнер үдерісі әлемнің барша халықтарына кең танымал. Оның ішінде қазақ халқының кесте өнерінің сыры мен сипаты ерекше.
Абай • 03 Шілде, 2024
Абай ақылнамасының алып арнасы – түп иесін көксеу. Оған жеткізетін «имани гүл» тұғырлы тұжырымдамасы. Ол сана иесін адамзатты, әділетті және Жаратушыны сүюге шақырады. Бұл – ынталы жүректің еңбек үдерісі. Нәтижесінде, «Құдайдың орынбасары болу» деген адамның асыл мұраты анықталады. Хакім дүниетанымында оған қол жеткізген болмыс «кәмал-и инсан» мәртебесіне көтеріледі. Белгілі абайтанушы Тұрсын Жұртбайдың «Толық адам» әдеби-салыстырмалы рисаласында Абайдың сыртқы (заһир) және ішкі (батин) әлемі жан-жақтан зерттеледі.
Таным • 28 Маусым, 2024
Дүниеде қанша сан бар? Әгәраки, «1, 2, 3...» деп кете берсеңіз, әйгілі философ, математик Жүсіп әл Кинди сізді теріске шығарады. Ол өзінің «сан үйлесімі» трактатында «бір» ғана сан болып есептелетінін, ал қалғаны реттіліктер екенін жазады.
Таным • 26 Маусым, 2024
«Біз өлеміз ештеңе ұғынбастан...»
«Фарятьев фантазиясы» фильміндегі актер Андрей Мироновтың монологі осылай басталады. Санаңды сапырып түсетін сауалдар өмір пәлсапасының өзегіне үңілуге шақырады. Бұл сұрақтарға сіз бүгін жауап бересіз деп айта алмаймын. Бірақ күндердің күнінде рухыңыз міндетті түрде осы жұмыспен айналысады. Ғибратты ой ағынын қазақшаға тәржімелеп, назарыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз, қадірлі оқырман. Әрі қарай актердің өзі сөйлесін.
Өнер • 25 Маусым, 2024
Астанадағы Оқушылар сарайында балаларды өлеңге баулитын «Жас қаламгер» үйірмесінің «Сөз патшалығы» атты есеп беру кеші өтті. Әдеби іс-шарада әлем классиктерінің әйгілі әңгімелерінен бастап, қазіргі қазақ поэзиясы өкілдерінің өрелі өлеңдері оқылды. Мәнерлі монолог, көрнекті көрініс сахна салтанатына сән қосты. Хош, «Сөз патшалығына» жасаған саяхатымызды байыппен баяндап берейік.
Әдебиет • 21 Маусым, 2024
«Өлеңді көріктеу, өлең кестесін келтіру жөнінде Абайдың қазақта теңдесі жоқ. Қазақтың бұрын-соңды ақындарының ешқайсысы өлеңін Абай сияқты ұста, келісті көріктеген емес», дейді әдебиет сыншысы Зәки Ахметов. Иә, Абай қазақ поэзиясында ырғақтық жүйе ретінде бекімеген жаңа өлең өлшемін алып келді. Бұл ақын идеясының оқырман ойына жету жолындағы интонациялық әсерін күшейте түсті. Ал Абай үлгісінен кейін қазақ өлеңінің құрылымдық сапасын жетілдіре түскен ақын – Шәкәрім еді. Ол ағасының дәстүрін жалғастыра жүріп, шығармашылығындағы қолтаңбасын шебер таныта білді.
Қоғам • 18 Маусым, 2024
Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің партия манифесінде айтқан «Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!» деген сөзі коммунистердің ең танымал ұранына айналды. Бірақ олардың бір адым ілгері, екі адым кейін жүрісі бұл ойды іске асырған жоқ. Себебі қоғамның бірігу нүктесі өтірік еді.
Қоғам • 15 Маусым, 2024
Астана қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде Қазақстанның құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар – ғажап жандар» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс-шараға елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
«Құс табиғатына сай болуға ұшуы керек, балық жүзуі керек, ал адам сүюі керек. Сүюдің орнына қатыгездік танытса, адам құстың жүзгеніндей, балықтың ұшқанындай қисынсыз ғұмыр кешеді», дейді жазушы Лев Толстой.