Ержан ҚОЖАС
Ержан ҚОЖАС«Egemen Qazaqstan»
67 материал табылды

Қоғам • 08 Наурыз, 2024

Сыйлар едім сен үшін...

Бүгін аналар мен қыз-келіншектердің құшағы гүлге толады. Одан бөлек, сүйіктісіне косметика, аксессуар, тәттілер немесе әр алуан сый-сыяпат ұсынады. Романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, спа-орталығына билет алып беріп жататындар да баршылық. Әрине, әйелдерді 8 наурыз күні ғана қуанту керек деген қағида жоқ. Бірақ жылына бір келетін мерекенің жөні бөлек.

Тәрбие • 07 Наурыз, 2024

Кіндік шеше

Бақыт апа десе, біздің елдегілер елп ете қалады. Әсіресе, әйелдер қауымы. Жо-жоқ, қазіргі жас келіндер бұдан бейхабар болуы мүмкін. Біздің айтып отырғанымыз – 50-ден асып, 70 дейтін жасты алқымдаған аналар. Қазалының Бекарыстан би ауылында 500-ге жетеғабыл түтін бар. Осындағы халықтың басы ауырып, балтыры сыздамайды дейсіз бе? Денсаулықта кінәрат әрдайым болып тұрады. Ал әйелдерде... Ана болу бақытын кім аңсамас? Біз әңгімелегелі отырған кейіпкер солардың жәрдемшісі еді. Дұрысы, ауыл-аймақта дүниеге келген барлық баланың кіндік шешесі туралы айтамыз.

Бизнес • 06 Наурыз, 2024

Бизнеске несие беру динамикасы

Жаңа бизнеске арналған несиелер көлемінің өсімі айқындалған межеден 20%-ға асқан. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы ұсынған мәлі­метке сүйенсек, былтыр кәсіп­керлік субъектілеріне банктер тарапынан 16 трлн теңге қаржы берілген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге көп.

Несие • 29 Ақпан, 2024

Фермердің несиесі – халықтың несібесі

Өткен аптада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерге жылына 250-300 млрд теңге көлемінде несие қолжетімді болатынын айтқан еді. Дегенмен жыл сайын тек егіс науқаны үшін қажетті қарыз қаражатына деген қажеттілік 1,5 трлн теңгені құрап отыр. Ал қаржыландырудың жетіспеушілігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына әкелетіні белгілі.

Халық • 01 Ақпан, 2024

Есім таңдауы ерекше

Бірде Сыр бойындағы Жаңақорғанда болғанбыз. Аудан орталығын шарлап жүріп, несібесін адалынан терген отбасыға жолықтық. Үй егесі Асылбек – 25 жыл жүргізуші болған жергілікті жердің байырғы тұрғыны. Өзі ауылда жоқ болып шықты. Ал отанасы күнделікті тіршілікпен есік алдында жүр. Бізбен сөйлескен сол ғана.

Шаруашылық • 31 Қаңтар, 2024

Тауарлы балық та – табыс көзі

Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін баса айтқан еді. Салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді көрсеткен Президент өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмей қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Экономика • 28 Қаңтар, 2024

Таза пайда – 42,7 млрд теңге

«KEGOC» АҚ былтырғы жұмысын қорытындылады. Өткен жұмада өткен баспасөз брифингінде айтылған деректер бо­йынша аталған компанияның жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39 пайызға, яғни 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өскен.