Аймақтар • 25 Маусым, 2023
Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ауылда ХІХ ғасырдың соңында ағылшындар салған су мұнарасы әлі күнге сынын бұзбай тұр. Заманында «Көмір» деп аталатын жұмысшылар кентін тіршілік нәрімен қамтамасыз еткен мұнара өткен-кеткеннің көзін арбайтын тарихи нысанға айналып үлгерді.
Жәдігер • 21 Маусым, 2023
Халық дәстүрлерін заман өресіне сай пайдалана білу мәселесін сөз еткенде, саз аспаптары бойынша ең әуелі Қамар Қасымовтың есімі аталуы заңдылық. Себебі халық аспаптарын жасаудың асқан шеберінің туындылары еліміздегі мәдениет өкілдерінің шыққан асқар биігі, асқақ үнімен тікелей байланысты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2023
Көршілес Абай облысына Кереку елінен 15 млн теңге сомасындағы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына Павлодардағы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөлініп отыр.
Аймақтар • 14 Маусым, 2023
Биыл Май мен Баянауыл аудандары арасында жол жүру жүз шақырымға қысқарып, жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасалады деп жоспарланып отыр. Облыстағы жол жөндеу жұмыстарының дені шалғай ауылдардың қиыршық тасты жолдарын асфальт-бетонды жабынға ауыстыруға негізделген.
Аймақтар • 14 Маусым, 2023
Абайдағы трагедия басқа өңірде қайталанбауға тиіс
Абай еліндегі алапат өртке Ертіс бойындағы орманды ауылдардың халқы айрықша алаңдап отыр. Жалқарағай ормандары Павлодар өңірімен шектесіп, бірнеше ауданның аумағын алып жатқаны мәлім. 277 мың гектар орманды жерге жауапты «Ертіс орманы» мемлекеттік резерваты бүгінде күшейтілген жұмыс режіміне көшкенімен, тәжірибелі орманшылар орман қорғау ісінде шикілік баршылық деп есептейді.
Балалар • 07 Маусым, 2023
Керекуде күн күйіп тұр. Аптап ыстықтан сая іздеген жеткіншектер субұрқақтарға шомылып, қызыққа батып жүр. Алайда баланың субұрқақта бақылаусыз жүруіне тыйым салынғанын көп ата-ана білмесе керек. Қараусыздық салдарынан Ақсу қаласында 3 жасар қызды электр тогы соғып, ауруханаға түсті.
Мәселе • 07 Маусым, 2023
Ертіс бойын ен жайлаған елді мекендердің жұрты алаңдап отыр. Биыл көктемде еліміздің шығысындағы каскадты су қоймаларынан босатылған тіршілік нәрі өзен жайылмаларының небәрі 30 пайызын ғана қамтығаны жайында жазған едік. Соның салдарынан шабындықтардың үштен екісі күйіп кеткелі тұр. Мал азығын жеткілікті жинамаса, шаруалар күзде түліктерін етке өткіземіз деп отыр.
Дәстүр • 05 Маусым, 2023
Керекуде «Қымызмұрындық» мерекесі өтті. «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған ұлтымыздың дәстүрлі мейрамына Қызылорда, Абай облыстарынан және Астана қаласынан қонақтар жиналып, ұлттық сусынымызды дәріптеді.
Балалар • 05 Маусым, 2023
Ауылдық жерлерде үздік нәтиже көрсеткен 925 оқушыға жазғы демалыс уақытында «Қазақстан халқына» қоры есебінен лагерлерге жолдама сатып алынады. Тағы 725 бала өңірлік «Жас дәурен» және «Қарлығаш» сауықтыру лагерлерінде тынығады деп күтіліп отыр.
Білім • 05 Маусым, 2023
Түсімен ерекшеленіп, алыстан менмұндалап тұратын сары автобустарды кезінде америкалық кинофильмдерден ғана көретін едік. Америка Құрама Штаттарының үлгісіндегі мұндай ерекше көліктер бүгінде елімізде құрастырылып, шалғай ауылдарға үлестіріліп жатқаны қуантады. Жуықта Ертіс-Баян өңіріндегі ауылдық 16 білім ұясына заманға сай жабдықталған жаңа қоғамдық көліктер тарту етілді.