Қоғам • 24 Сәуір, 2023
Қазіргі қоғамда ана тіліміздің құндылығы мағыналық, танымдық жағынан арта түскені байқалып отыр. Мұны Тәуелсіздіктен бері осы салада зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалымдарымыздың орасан зор еңбегі деп түсінеміз. Ғаламтор кеңістігінде қазақ тілі блогосферасының қауырт дамуы, оның оқырман аудиториясына әсер етуі ғалымдардың алдына бірқатар міндеттер жүктеп отыр.
Баға • 19 Сәуір, 2023
Павлодар облысы: Құбылған меже
АИ-92 маркалы бензиннің бағасы осы аптадан құбыла бастады. Қаладағы жанармай құю стансаларында ең қымбат бензиннің литрі 205 теңгеге жетіп тұр. Ал дизель отыны кейбір стансаларда жоқ екені аңғарылып қалды.
Қаржы • 18 Сәуір, 2023
Екібастұздың жұртшылықты жұмыспен және баспанамен қамту саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жиілеп тұр. Жергілікті шенеуніктер мемлекет қаржысына салынған пәтерлер мен грант қаражаттарын өз туыстары мен таныстарына үлестірген. Онымен қоймай субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына сайда саны, құмда ізі жоқ азаматтар тіркеліп, шаруашылықтар оған бөлінген миллиондаған қаржыны қымқырыпты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2023
Ақсудағы жаңа қазандық бірнеше жылдан бері іске қосылмай тұрғаны жайында бұған дейін де жазған едік. Мамандар бар кілтипан әу баста жіберілген инженерлік шешімдерде дейді. Энергетика саласының иісі мұрнына бармайтындардың сызған сызбалары мемлекеттік сараптамадан қалай өтіп кеткені таңғалдырады. Жобалаушылар алты бірдей қазандық агрегатында жанатын көмірдің 40 пайызы күл күйінде қалатынын, оның сыртқа шығуы керек екенін ұмыт қалдырған тәрізді.
Қылмыс • 11 Сәуір, 2023
Айла-шарғымен шырмайтын алаяқтар
Ертіс-Баян өңірінде облысында интернеттегі алаяқтыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу көрсеткіштері мәз емес. Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр азаматтардың ғаламторда алданып қалу фактілері бойынша 404 оқиға тіркеліп, оның тек 188-іне өндірістік іс қозғалған. Ал тіркелген 64 мал ұрлығының 44,3 пайызы ашылған.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2023
130 мың адамға арналған игілік
Әлеуметтік әріптестік аясында Павлодар облысында екі мектеп салу көзделіп отыр. Бұған қоса өңірдегі 10 колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, мыңдаған педагог біліктіліктерін арттыра алады. Ал 8 кітапхана ғимараты толықтай жаңарып, келушілерді тарта түседі.
Спорт • 09 Сәуір, 2023
Волейболдар «Павлодар» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалда Қазақстанның былтырғы үздігі – «Атырауды» жеңіп, жеңіс тойын тойлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2023
Балық – таусылмайтын байлық емес
Биылдан бастап әуесқой балықшылар үшін біраз жеңілдік жасалғанын көріп отырмыз. Алайда заң жеңілдегенімен, жергілікті өзен-көлдерде кейінгі жылдары балықтың азая түскенін байқауға болады. Бұған Кереку өңірінде браконьер балықшылардың жиі бой көрсетуі мен Ертіс өзені бойында суқұзғынның қаптап кетуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Тек осы жылдың басынан бері аймақта балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 59 азамат жауапқа тартылып, сомасы 1 млн теңгенің айыппұлын төлеген.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2023
Ақкөл-Жайылмаға қауіп төніп тұр
Өлеңті өзенінің Ақмола және Павлодар облыстары шектесетін аумағында жеке кәсіпкер бөгет тұрғызып, өзен арнасын жауып тастаған. Көктемде келетін мол судың ырыздығы Павлодар жаққа өтпесе, Екібастұздағы Ақкөл-Жайылма өңірі мен Ақтоғай ауданының қырдағы ауылдары жазда тіршілік нәрінсіз қалып, жайылымдар мен шабындықтар адам айтқысыз экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін.
Медицина • 03 Сәуір, 2023
Елімізде соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артқан. Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларының ұйытқы болуымен аутизмге шалдыққан және басқа да менталды кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Бұған қоса бірқатар медициналық мекемеге шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар тарту етілді.