
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Екі елді жалғайтын ерекше бекет
Абай облысында елімізді Қытаймен байланыстыратын жолаушылар терминалы ашылды. Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде іске қосылған терминал халықаралық байланыстарды нығайтуға жол ашады. Терминал «Бақты» кеден бекетін жаңғырту, техникалық жарақтандыру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
«Мұғалім жарақат алды»: Кінәлі кім?
Жақында Семей қаласында жаңа жылдық шыршаны безендіруге заңсыз тартылған мұғалім биіктен құлап, жарақат алғаны туралы ақпарат желіде желдей есті. Бұл жайында жергілікті мемлекеттік органдардан бастап, Оқу-ағарту министрі мәлімдеме жасап, пікірін білдірді. Кейінгі кезде мұғалім мәртебесі туралы мәселе биік мінберден жиі көтеріліп жүр. Ал биіктен құлаған ұстаздың жұмыстан бос уақытта заңсыз еңбекке тартылуы педагог абыройын асқақтату мәселесін майшаммен қарауды тағы бір еске салады.
Заң мен Тәртіп • 24 Желтоқсан, 2024
Тәртіпсіз бала түнде қаңғырады
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты оқушылар арасында жасөспірімдер қылмысының және құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу екені анық.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Бір мезетте 25 адам қабылдайды
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» – ұлттық жобасы аясында Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында медициналық пункт ашылды.
Өндіріс • 20 Желтоқсан, 2024
Семей қаласында «Agro oil group» деп аталатын өсімдік майын өндіретін жаңа зауыттың ашылу рәсімі өткізілді. Бұл кәсіпорынның құрылуына Бауыржан Қалиев, Ринат Оралханов, Айдос Құрманғазыұлы, Азат Ержан сияқты семейлік кәсіпкерлер қолдау көрсеткен.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Ойшыл ақынның еңселі ескерткіші
Семей қаласында ойшыл, аса дарынды ақын, аудармашы, композитор, хакім Абайдың інісі әрі ақындық мектебінің ірі өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші Тәуелсіздік мерекесіне орай ашылды. Данышпан ақынға арналған ескерткіштің биіктігі – тұғырымен қоса алғанда – 7,7 метр. Мүсіндік композиция қоладан құйылып, гранит тұғырда орын тепкен. Ескерткіштің Тәуелсіздік күніне орай ашылуының рәміздік мәні терең. Шәкәрімнің рухани мұрасы азаттық дейтін аяулы ұғыммен үндесіп жатыр.
Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2024
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Семей қаласында кемеңгер ойшыл, аса дарынды ақын, аудармашы, композитор, хакім Абайдың інісі әрі ақындық өнер мектебінің ірісі Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 12 Желтоқсан, 2024
Семейде сан мыңдаған көрерменнің көңілінен орын алып, қаншама таланттың еңсе тіктеуіне зор үлес қосып келе жатқан облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының 90 жылдық мерейтойы өтті. Қазақ театр тарихының бесігіне баланған бұл мекенде 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанған болатын.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Семейде «Бірге! Бір толқында» дәстүрлі жастар форумы өтті. Бұл форум аймақтағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілерін, белсенділер мен өңірдегі студенттер клубтарының мүшелерінің басын біріктірді. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін және оларға құрмет көрсету, шабыттандыру қажет екенін айтты.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2024
Облыста жаңадан құрылған Жаңасемей ауданы алға қойған жоспарларды ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта өңірдің инфрақұрылымын жақсарту бағытында ілкімді жобалар жүзеге аспақ. Бұл туралы Жаңасемей ауданының тұрғындарымен кездескен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.