Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Ауыр атлетика • 02 Шілде, 2023

Алматылық «толағайлар» үздік шықты

Алматы қаласында ұйымдастырылған ауыр атлетикадан VI жазғы спартакиа­дасы өз мәресіне жетті. «Толағайлар» бәсекесінде Алматы қаласының спортшылары үздік шықты.

Теннис • 02 Шілде, 2023

Уимблдондағы қарсыластары анықталды

Бүгін Ұлыбританияның бас шаһары – Лондонда теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің жалауы желбірейді.

Спорт • 30 Маусым, 2023

Қол добының үздіктері

Қарағандыда қол добынан ерлер арасындағы республикалық VI жазғы спартакиада өз мәресіне жетті. Кеншілер астанасында ұйымдастырылған жарыста 6 өңірдің командасы (Астана, Шымкент қаласы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе және Алматы облысы) бір апта бойы айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтады.

Теннис • 30 Маусым, 2023

Жерлестеріміз мықтылар қатарында

Алдағы дүйсенбі күні Ұлыбритания­ның бас шаһары – Лондонда теннис­тен «Үлкен дулыға» санатындағы Уимбл­дон турнирінің жалауы желбірейді. Аталған додада жерлестеріміз де бақ сынайды.

Спорт • 30 Маусым, 2023

«Номадтың» қарсыласы анықталды

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең бе­делді ұйым – UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Шавқат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды.

Спорт • 29 Маусым, 2023

«Елорда кубогі» басталды

Астанада былтырдан бас­тап дәс­түрлі турнирге ай­нал­ған бокстан ерлер мен әйел­дер арасындағы ІІ Ха­лық­­аралық «Елорда ку­богі» жарысы басталды. Елор­да­ның 25 жылдығына орай ұйым­дастырылған бокс бәсекесі Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтіп жатыр. Биылғы додада әлемнің 10 елінен келген 200-ден аса былғары қолғап шебері бас жүлдеге таласты бастап кетті. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Ал Қазақстан құрамасы сапында Олимпия ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысып жатыр.

Футбол • 29 Маусым, 2023

«Тобыл» мен «Астананың» жеңісі

Өткен сәрсенбі күні футболдан Қазақ­стан кубогі жолындағы жарыстың жартылай финалындағы алғашқы кездесулер өтті.

Спорт • 28 Маусым, 2023

Жаһандық дода Ташкентте өтеді

Футзал бойынша 2024 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді. Бұл туралы ФИФА-ның кеңейтілген отырысында айтылды.

Спорт • 28 Маусым, 2023

«Тур де Франсқа» қатысады

1-23 шілде күндері Еуропа тас жол­дарында велоспорттан «Тур де Франс – 2023» жарысы өтеді. 21 кезең­ге жал­­ғасатын биылғы Гранд-тур Ис­па­­нияның Бильбао қаласынан бас­талып, Парижде мәресіне жетеді.

Спорт • 28 Маусым, 2023

Түркістандықтар топ жарды

Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада өз мә­ресіне жетті. Бес күнге жалғасқан жарыста еліміздің әр өңірінен жиналған мемлекеттік қызметкерлер спорттың 7 түрінен сынға түсті.