Футбол • 16 Қараша, 2022
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиевпен келісімшарттың ұзартылғанын мәлімдеді. Жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Спорт • 16 Қараша, 2022
Таиландтың Самутпракан қаласында ұйымдастырылған су добынан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.
Футбол • 15 Қараша, 2022
Испания құрамасының бас жаттықтырушысы Луис Энрике Қатардағы әлем чемпионатына қатысатын 26 футболшының тізімін жариялады.
Хоккей • 15 Қараша, 2022
Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) келесі кездесуін астананың «Барысы» Өфеде жергілікті «Салават Юлаевпен» өткізді.
Теннис • 15 Қараша, 2022
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Словакияның Братислава қаласында ұйымдастырылған Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.
Футбол • 14 Қараша, 2022
Аяқдоптағы қазақ-өзбек бәсекесі
Ертең футболдан Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары Ташкентте жолдастық матч өткізеді. Екі мемлекет Азия құрлығында орналасқанымен, Қазақстан футболшылары кейінгі 20 жылдан бері УЕФА құрамында ойнап жүр. Ал Өзбекстан тәуелсіздік алған жылдардан бері штаб-пәтері Малайзияда орналасқан AFC (Азия футбол конфедерациясы) ұйымында бақ сынайды. Сондықтан екі елдің құрамасы кейінгі 15 жылда бір-бірімен алғаш рет ойнағалы тұр. Матч Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтеді.
Спорт • 14 Қараша, 2022
Футболдан Германия құрамасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик Қатардағы әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
Спорт • 14 Қараша, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын Магнитогорскіде жергілікті «Металлургпен» өткізіп, буллит сериясында жеңіліп қалды.
Спорт • 14 Қараша, 2022
Шымкенттің «Ордабасы» клубы биылғы Қазақстан кубогі бәсекесінде топ жарып, келесі жылғы Еурокубок додасына жолдама жеңіп алды.
Бокс • 13 Қараша, 2022
Иорданияның бас шаһары – Амманда өткен бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптаға жалғасқан Сары құрлық додасында Қазақстанның ерлер құрамасы жүлде саны жағынан тәуір нәтиже көрсеткенімен, сапа жағынан Азиядағы басты бәсекелесімізге жол беріп қойды. Қыздар құрамасы да жігіттердің жағдайын қайталап, жалпыкомандалық есепте Үндістаннан кейінгі екінші орынға жайғасты.Азия чемпионатына аттанар алдында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында: «Былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен біріншілікте жігіттеріміз алтынсыз оралып, қоғамның сынына ұшыраған болатын. Дубайдағы сол сәтсіздіктің есесін биыл қайтарып, Амманда жалпыкомандалық есепте көш бастаймыз», деп мәлімдеген болатын.