Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Медицина • 10 Мамыр, 2023

Жаңа медициналық орталық

Елордада бүйрек ауруларын емдеу қызметінің толық жиынтығын ұсынатын скандинавиялық «Диаверум» медициналық компаниясының Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық диализ клиникасы ашылды. Емдеу орталығының ресми ашылу салтанатына Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Швеция Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Ева Пулано және «Диаверум Груп» компаниясының президенті Димитрис Мулавасилис қатысып, медициналық мекеменің мол мүмкіндігімен танысты.

Спорт • 08 Мамыр, 2023

Екі спортшының төрт жүлдесі

Португалияның Портиман қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңі өз мәресіне жетті. Мұнда ұлт­тық құрама спортшыларынан жекелей сында Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы 2 медальдан жеңіп алды.

Бокс • 08 Мамыр, 2023

Мексикада жеңіске жетті

Еліміздің жас дарынды кәсіпқой бокс­шы­лары – Бек Нұрмағанбет (10-0, 8 КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0, 4 КО) бір айдың ішінде екінші жек­пе-жектерін өткізіп, бұл жолы да қар­сыластарын нокаутпен жеңді.

Футбол • 05 Мамыр, 2023

33 жылдан кейінгі жеңіс

Футболдан Италия чемпионатының 33-тур ойындарынан кейін «Наполи» клубы 33 жылғы үзілістен соң үшінші мәрте «А» сериясының жеңімпазы атанды. Аталған команда бұған дейін де екі мәрте чемпион атанған болатын.

Спорт • 05 Мамыр, 2023

Чонтей – қола жүлдегер

Оңтүстік Кореяның Чонджу қала­сында жалауы желбіреген ауыр атле­­тикадан Азия чемпионатының ал­ғашқы күнінде ел қоржынына ал­ғашқы жүлде түсті.

Теннис • 05 Мамыр, 2023

Тарихи жолдаманы иеленді

Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейін жасөспірім қыздар құрамасы ал­ғаш рет әлем чемпионатының фи­нал­дық кезеңіне жолдама жеңіп алды.

Спорт • 04 Мамыр, 2023

Қарағандылық үздік өрендер

Алматы қаласындағы №9 Олим­пиада резервінің маман­дан­дырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде батуттағы гимнас­тикадан VI жазғы спартакиада өз мәресіне жетті. Жарыстың шешуші күнінде Қарағанды облысы жақсы нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көш басына шықты. Осыдан 4 жыл бұрын өткен V жазғы спартакиада­да кеншілер өңірінің гимнастары топ жарған еді.

Су спорты • 04 Мамыр, 2023

Суперфиналға шыға алмады

Берлинде су добынан әйелдер ара­­сындағы Әлем кубогінің 2-диви­зиондағы ойындары өз мәресіне таяды. В тобында сынға түскен Қазақ­стан құрамасы кеше үшінші орын үшін шеберлік байқасты.

Бокс • 04 Мамыр, 2023

Ташкенттегі алғашқы сәтсіздік

Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кентте өтіп жатқан бокстан әлем чем­пионатының үшінші күнінде бір бокс­шымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Әскер • 03 Мамыр, 2023

Әскердегі балуан қыз

Кез келген жекпе-жек спорт тү­рінің ережесін алып қарайтын болсаңыз, бәрінің де негізгі мақ­саты – сайыс алаңында қорғана жүріп қарсыласын жеңу. Қазіргі таңда жекпе-жек – барлық елде бар спорт түрі. Мәселен, қазақта – күрес, жапондарда – дзюдо, джиу-джитсу, корейлерде – таэквондо, серум, әзербайжанда – полеш, айта берсең ұзын-сонар болып кете беретін бұл спорт түр­лері жер-жаһанға өзіндік философиясымен және этикасымен кеңінен танылды.