Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Жастар • 15 Ақпан, 2023

Жастарды марапаттады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сый­лық табыстады. Сонымен қатар бокс­шылардың жеке бапкерлері де назардан тыс қалған жоқ.

Теннис • 15 Ақпан, 2023

Жасөспірім жарап тұр

Азия теннис федерациясы (ATF) мен «Tennis Europe» 14 және 16 жасқа дейінгі теннисшілердің рейтингтерін жаңартты.

Спорт • 15 Ақпан, 2023

Еуропа кубогінде үздік шықты

Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен дзюдодан Еуропа ашық кубогі өз мәресіне жетті. Әлемнің 43 мемле­кетінен 396 спортшы қатысқан жарыс­та Қазақстан құрамасының балуандары екі медаль жеңіп алды.

Футбол • 15 Ақпан, 2023

Мықтылардан қайран болмады

Бірнеше айға үзіліске шыққан футболдан Чемпиондар лигасының матч­тары қайта жалғасты. Плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында ПСЖ – «Бавария», «Милан» – «Тоттенхэм» клубтары кездесті.

Футбол • 15 Ақпан, 2023

Кубок жеребесі тартылды

Елордадағы Футбол үйінде 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-кубо­гінің жеребесі тартылды.

Спорт • 14 Ақпан, 2023

Лебронның жаңа рекорды

Америкалық даңқты баскетболшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Леброн Джеймс өткен аптада 39 жыл бойы мұрты бұзылмаған рекордты жаңартты. Ұлттық баскетбол лигасының (ҰБЛ) кезекті тур ойынында Л.Джеймс өнер көрсететін «Лос-Анджелес Лейкерс» клубы өз алаңында Оклахома штатының «Оклахома-Сити Тандер» командасына 133:130 есебімен жол берді. Аса тартысты өткен сол матчта Лебронның командасы жеңіліп қалса да, ол карьерасындағы 38 388 ұпайын олжалап, ҰБЛ-ның жаңа рекордын тіркеді.

Футбол • 14 Ақпан, 2023

Бас жүлде – «Реалда»

Мароккода футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Әр құрлықтың ең үздік командалары бас қосқан жарыста Мадридтің «Реалы» үздік шықты. Испаниялық ұжым финалда Сауд Арабиясының «Әл-Хилял» клубымен кездесіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Корольдік клубтың осы чемпионаттағы бесінші жеңісі.

Спорт • 14 Ақпан, 2023

Дауранованың дәурені туды

Германияның Инцелль қаласында ұйымдастырылған конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен келген 200-ден аса спортшы үш күн бойы жүлделерді сарапқа салды. Бұл сында Қазақстан құрамасының 10 спортшысы өнер көрсетіп, екі медаль жеңіп алды.

Марапат • 14 Ақпан, 2023

Министр мергендерді марапаттады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов нысана көздеу спортынан Әлем кубогінде топ жарған спортшыларды марапаттады. Жакартада мәреге жеткен дүбірлі додада жерлестеріміз 11 жүлде олжалап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Теннис • 14 Ақпан, 2023

Жарыстан шығып қалды

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қала­сында басталған ATP 500 турни­рінен шығып қалды.