Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Хоккей • 08 Шілде, 2022

Скабелка сенімді ақтаса игі

Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа мау­сымы қыркүйекте басталады. Маусымаралық үзіліске шыққан ҚХЛ командалары келесі апта кезең-кезеңімен оқу-жаттығу жұмыстарына кіріседі. Олардың қатарында елорданың «Барысы» да бар. Ресми мәлімет бойынша астаналық хоккейшілер 14 шілдеде елордада бас қосып, маусымның алғашқы жиынын «Барыс Аренада» өткізеді. Осы орайда, «Барыс» жаңа маусымға қалай дайындалады, клубтың трансфер саясаты қандай, командадан кімдер кетті, жаңадан қандай ойыншылар келді деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Футбол • 08 Шілде, 2022

Бар мәселе қарымта матчта шешіледі

Футболдан Қазақстан чемпионатының былтырғы жеңімпазы – «Тобыл» Чемпиондар лигасының жаңа маусымын тең нәтижемен бастады. Клубтар арасындағы ең беделді жарыстың бірінші іріктеу кезеңінде Мажарстанның 33 дүркін чемпионы «Ференцварошпен» кездескен Милан Милановичтің шәкірттері алғашқы ойында тең нәтижені қанағат тұтты.

Теннис • 07 Шілде, 2022

Рыбакина – финалда!

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшылары биыл жарап тұр. Жылдың алғашқы жартысында үш бірдей (ерлер, әйелдер және жасөспірімдер) құрамамыз тарихта алғаш рет бір мезетте әлем чемпионатының финалына шығып, қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйлаған еді. Енді, міне, әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізіп, қазақстандық жанкүйерлерді серпілтіп тас­тады.

Футбол • 06 Шілде, 2022

«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды

Ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы ойындарына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан ел чемпионаты араға үш тур салып тағы да үзіліске шықты. ҚПЛ бәсекелері бұл жолы қазақстандық командалардың Еурокубоктағы және ел кубогындағы ойындарына байланысты тоқтатылды. Тамыздың екінші жартысына дейін созылатын уақытша үзілісті пайдаланып, клубтардың кешегі күнге дейінгі турнир кестесіне шолу жасап көрген едік.

Теннис • 06 Шілде, 2022

Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт жарыстың бірі – «Уимблдон» турнирінде бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет аталған бәсекенің ширек финалына шығып, өз жанкүйерлерін қуантты.

Спорт • 06 Шілде, 2022

Іріктеудің екінші кезеңіне өтті

Баскетболдан Қазақстан ерлер құра­масы 2023 жылы өтетін Әлем кубо­гының бірінші іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Хоккей • 05 Шілде, 2022

«Барыс» жаңа ойыншымен толықты

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің жаңа маусымы алдында алғашқы трансферін жасады.

Спорт • 05 Шілде, 2022

Көшбасшы өзгерген жоқ

«Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі Данияның Вайле қаласынан бастау алып, солтүстіктегі Сённерборг қаласында мәресіне жетті. Тегіс жолда өткен жарыста нидерландтық Дилан Гроневеген топ жарды.

Спорт • 05 Шілде, 2022

Қала күніндегі бәйге жарысы

Ертең елордадағы «Қазанат» атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай бәй­ге түрлерінен «Елорда бәйгесі» рес­публикалық турнирі өтеді.  

Теннис • 05 Шілде, 2022

Испанияда олжалы болды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Испанияның Малага қаласын­да ұйымдастырылған челленджер тур­нирінің жұптық бәсекесінде бас жүлде жеңіп алды.