Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
Мұзарт Мұқағалидан бозбала кезінде бата алған, мұзбалақ шағында «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлының шығармашылық асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат өріліп, бірегей тұтастыққа ұласып кетуі бүгіндері өлеңді кие тұтқан қара орман халықтың бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды. Әр өлеңі әнге сұранып тұрған, толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпар қанат бітірген, эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған ақын бүгіндері алдыңғы буын ағаларындай ұлтының ар-намысы үшін үн қататын қайраткер қаламгерге айналды.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Есте жоқ ықылым замандардан, адам баласы қоғам боп қалыптаса бастағаннан бері абыздар мен пайғамбарлар, ойшылдар мен патшалар мәңгілік өмір мен бақыттың, ізгілік пен қайырымдылықтың, құтты қоныс пен өрелі өлкенің кілтін іздей бастаған. Мәңгілік өмір сүруге ынтық Гильгамеш (Білге кісі), ажалдан қашқан Қорқыт, тіршілік суын тапқан Қызыр, мәңгі ел мұратын ұсынған Тоныкөк, Өтүкенді жер-жаһанның ортасы деп білген Білге қаған, қайырымды қоғамды аңсаған әл-Фараби, ізгілік іздеген Жүсіп Баласағұн, Желмаясымен Жерұйыққа жетпек болған Асан қайғы, әділетті сүйген Абай – күміс қоңыраулы керуендей ғасырларды көктей өткен халқымыздың асыл арман-аңсарының бір көрінісі ғана. Жер үстіндегі жұмақты іздеп, ой азабын арқалаған осы абыздардың қайырымды қоғам, бақытты ел туралы толғамдарының бір түйіні әділет деген ұғымға келіп тіреледі екен. Бүгінгі мақаламызда соның бір парасына тоқталмақпыз.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Даңғазаның дүрмегі һәм Абай тағылымы
Пейілінің ішіне дала түнеп, көңіл көзісіне көркем ниетін толтырған қоңыр төбел қазақтың қуанышын әлемге жар салып, жария етпесе әсте тыныш ұйықтай алмайтыны несі осы? Бесік той, шілдехана, құрсақ шашу, сүндет той, тілашар, қыз ұзату, үйлену тойы, құдалық күту, мерейтойдан бастап, түрлі дүрмек жиындармен астасып жататын дүр-думанның естісі мен есері екі бөлек. Астамшылыққа ат мінгізіп, алыстағы ағайынын әурелетіп туған күні мен қызметке тұрған күнін атап өтетін дарақылықты халықтың қай мінезіне жоримыз.
Таным • 10 Тамыз, 2020
Абай және Гаспыралы: жәдитшілдік мұрасы
Сахарада туып, «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде өскенімен соны сүрлеу салып, сансыраған сананы сілкіндіріп, қазақтың қадірлісіне ғана емес, адамзаттың ардағына айналған Абайдың мұрасы – көнермейтін көмбе, өшпейтін өнеге, сарқылмайтын қазына. Сондықтан ескінің соңы, жаңаның басы болған Абай қашанда Алаштың аспанында туған айдай жарқырап тұрады. Арнайы «Абай күнін» белгілеп, ұлы данышпанның 175 жылдығын бүкіл ел болып атап өтіп жатқанымыз соның айғағы.
Таным • 30 Шілде, 2020
Оқшаулану кезінде біраз кітап ақтарып, фильм қарауға мүмкіндік алдық. Соны пайдаланып көрші мемлекетте шыққан «Алтын Орда» атты сериалды мұқият көріп шықтым. Мұның алдында «Орда» деген фильмі үлкен дау туғызғандықтан Ұлық Ұлыстың 750 жылдығы қарсаңында шыққан, біздің көптеген қандастарымыз ойнаған сериалдан соны жаңалық, бір жақсылық күткен едік, онымыз бекер болып шықты. Әсіресе, Берке ханды ұнамсыз кейіпкер ретінде көрсетуі бізді біраз ойға қалдырды, қолға қалам алдырды.
Руханият • 26 Маусым, 2020
Құранда Алланың аяты қаламға және оның жазуына серт берумен басталады. Түптеп келгенде Құранның өзі – кәлам, аянның өзі – баян. Кәлам – Алланың сөз сипатының сәулесі. Жаратылыстағы ең асыл қазына ақыл десек, сөз – сол ақылдың жаңғырығы.
Руханият • 22 Маусым, 2020
Адамзат ақыл-ой қазынасының інжу-маржаны болып саналатын түркі даналарының мәңгілік мұралары алыс ғасырлар қойнауынан желі тартқан тоғанақты керуеннің қоңырау үнін біздің заманымызға еміс-еміс жеткізуімен ұрпақ жадысын оятып жаңғырта түсетіндей. Тоныкөк, Йолығтегін жыраудан кейін сан ғасырдан соң қайсар рухты жауынгер жұрттың жорық жырларын сол замандағы озық араб-парсы өлеңінің лирикалық иірімімен жарыстырып, мазмұн мен түрін байытып, нәзік бедер сіңіріп, түркінің жаңа дәуірдегі классикалық поэзиясы етіп жаңаша жасақтап, тарихта бұрын-соңды болмаған көркемдік белеске шығарған дарабоз ақын – Әлішер Науаи.
Руханият • 12 Маусым, 2020
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың алдында ант беріп, Қазақстан Президенті қызметіне ресми кіріскеніне бір жыл толды. Наурыз айында Президенттік лауазымды қабылдап алғаннан кейін алғашқы сұхбатын ел газетіне берген Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің басты ұстанымдары ретінде сабақтастық, әділеттілік және даму екенін айтқан еді. Сондықтан, сынға толы бұл бедерлі белесті біз «сабақтастық пен әділеттілік салтанат құрған даму жылы» болды деп бағалай аламыз.
Руханият • 03 Маусым, 2020
Әзірет Әлінің «Ғылым бір нүкте еді, надандар оны көп нүктеге айналдырды» деген тағылымды тәмсілі, сүйекті сөзі бар. Осы бір оқшау ойдан таған тартсаңыз, сана ішінде үлкен дүмпу пайда болатындай. Нүкте – адамзат мөрі, болат қорғасындай ауыр, қаққан шегедей мықты. Қаламды ақ параққа қойсаңыз, алдымен нүкте пайда болады. Адамның ғұмыры секілді сөйлем нүктемен басталып, нүктемен тәмамдалады. Леп белгісіндей сымбатты болмаса да, сұрау белгісіндей әдемі өрнектелмесе де, нығыз нүкте – аяқталған тиянақты ойдың жемісі. Бір тармаққа шалқар ойды көгендеп қояды. Тұжырым тудырады, ақиқатты әйгілейді.
Қоғам • 31 Мамыр, 2020
Зұлмат, зұлымдық – «қара түнек» деген мағына береді. Саңылаусыз, сәулесіз, соқыр қараңғылық. Күштеу, қинау, қырып-жою, зорлық-зомбылық жасау, адам өлтіру деген мағынасы да бар. Айдың нұры, жұлдыздың жарығы түспейтін түпсіз қараңғылықта жапанда жалғыз қалған адамның бойын қорқыныш билейтіні сияқты, зұлымдық та елдің бойына үрей болып енеді, сөйтіп сүйекке сіңеді. Зұлымдық – қолдан жасалады, зұлматты ұйымдастырған залым болады, ал зобалаңға ұшыраған жұрт «мазлұм» аталады. Бұл орайда «мазлұм» – қазақ халқы, ал «залымның» Сталин екені белгілі.